Ал басшы лауазымға қатысты конкурстар бойынша эссе жүргізіледі. Ең үздік балл жинаған 3 кандидат конкурстық іріктеуге жіберіледі. Ол әңгімелесу әдісімен өтеді және әр азаматтқа балл қойылып, нәтижесінде үміткер анықталады.
Сондай-ақ, ол осы жылдың наурыз айынан бастап 5 мемлекеттік органға іріктеу пилоттық негізде толығымен цифрлық форматқа көшірілгенін жеткізді.
«Дәстүрлі конкурстық іріктеу, арнайы тестілеу залдарына барып, тест тапсыру әдістері бұрынғының еншісінде қалды. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе «е-қызмет» аясында әр азаматтың өзінің бағын сынап, қашықтан үйде отырып, конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар. Мұның ең басты жетістігі – іріктеу процесін одан әрі қолжетімділігін арттыру. Себебі азаматтар жолға қатысты шығындарын өтемей-ақ, қашықтан конкурсқа қатыса береді», – деді спикер.
Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл конкурстың өзара конкуренциясын арттырады. Және азаматтардың, әсіресе жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтарын арттырады.
«Ең соңғысы және ең бастысы – адами факторды мейлінше жояды. Себебі осы жаңа жүйеде барлық конкурс нәтижелері цифрлық түрде белгіленіп, әр үміткер өзінің іріктеу барысында әділетті баға алуына толықтай сенімді болады. Сондықтан мемлекеттік қызмет әлі де тартымды болады деп ойлаймын. Әрине осы пилоттық жоба 2024-2025 жылдары толықтай мемлекеттік органдардлы қамтиды деген үміт бар», – деп қорытындылады өз сөзін Салауат Мүксімов.