spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қосшыда қазақтың тұңғыш балеринасы мен боксшысына көше аты берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қосшы қаласында қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Елубайқызы Тапалова мен қазақ боксының баһадүрі Шоқыр Бөлтекұлы атына көше берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қосшыда қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Елубайқызы мен боксшысы атына көше берілді.

Нұрсұлу Тапалова қазақтың тұңғыш балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1954).

1931-1936 ж. Ойыл ауданындағы қазақ орта мектебінде оқиды.

1936-1939 ж. Қазақ академиялық опера және балет театры жанындағы би мектебінде оқиды.

1936-1938 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында балет әртісі ретінде сахнада өнер көрсетеді. Дариға (И.Н. Надировтың «Көктемінде»), Зарема (Б.В. Асафьевтің «Бакшасарай фонтанында», 1942 – 43, Г.С. Улановамен бірге), испан биі (П.И. Чайковскийдің «Аққу көлінде»), т.б. балеттік партияларды биледі. Сондай-ақ, ұлттық опералардағы (Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайы», М.Толебаевтың «Біржан Сарасы») жеке билерді нақышына келтіре орындады.

1939 – 1941 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында балет бишісі.

1941 – 1945 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында биші жауапты биші.

1945-1953 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында прима-балерина.

1947 ж. 24 жасында «Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі» атағы берілді.

1947-1949 ж. Алматы қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды.

1953 ж. «Қазақконцерттің» солисі қызметін атқарып, эстрадалық ән-би, миниатюра жанрында еңбек етті.

1958 ж. Мәсскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады.

1975 ж. дейін сахнадан түспеген Н.Тапалова «Киноконцерт», «Белая роза», «Жамбыл» және т.б. 20 шақты киноға түседі.

Сонымен қатар Ақмола облысының Қосшы қаласында қазақ боксының баһадүрі Шоқыр Бөлтекұлы атына көше берілді. Шоқыр Бөлтекұлының сүйікті жары, қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапалова екеуінің атындағы көше бір-бірімен қатар орналасқан.

Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы 29 қазан күні Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының маңында Сарқауақ деген жерде дүниеге келген. Отызыншы жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетімдер үйінде оқып, орта мектепті бітірді.

Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақаттанып елге оралады. Шоқыр Бөлтекұлы рингте 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен. 1947 жылы Киевтегі Көркемсурет академиясын және Дене тәрбиесі институтын бітіреді. 50-ші жылдары Қазақ ССР-інің 3 рет чемпионы атанады.

1937 жылы Шоқыр Бөлтекұлының басшылығымен бокстан Алматы қаласының ресми біріншілігі өтті. Оған 50 спортшы қатысқан. 1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңестер Одағының біріншілігіне Қазақ елінің құрама командасын Шоқыр Бөлтекұлы бастап барды. Оның мектебінен Мақсұт Омаров, Әбдісалан Нұрмаханов, Серік Әбдінәлиев, Виктор және Владимир Каримовтар, Асқар Құлыбаев секілді талантты шәкірттер тәрбиеленіп шықты.

Шоқыр Бөлтекұлы 1994 жылы 78 жасында Алматы қаласында дүниеден озды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img