spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Өткен жылы жол-көлік оқиғасы 12,1%-ға төмендеген – прокуратура

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жол-көлік оқиғасының нәтижесінде адамдар зардап шеккені туралы (ЖКО) есебін қалыптастырып келеді.
​Бұл деректерді практикалық мәселеде қолдану үшін оның статистикасы qamqor.gov.kz сайтында «Құқықтық статистиканы алу» қойындысында алуға болады және геокартада көрсетілген. Картаның ерекшелігі – адамдардың жарақат алуына немесе қаза болуына әкеп соққан ЖКО оқиғаны тіркегеннен кейін, ақпарат бірнеше минут ішінде апат картасында көрсетіледі. Осы жүйенің арқасында Қазақстанның кез-келген қаласында немесе жолында көлік апаты қай жерде болғанын көре аласыз.
​Жол-көлік оқиғалары – қазіргі қоғам мен мемлекеттің үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемасы.
​2022 жылда Ақмола облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының 2021 жылмен салыстырғанда 12,1%-ға төмендеуі байқалады (743-тан 653 апатқа дейін).
​Жол-көлік оқиғаларының төмендеуімен жарақат алғандар саны да 1260-тан 1044 адамға дейін азайды.​
Осы кезеңде 653 тіркелген жол-көлік оқиғаларының нәтижелерінде 932 адам (176 кәмелетке толмаған балалар) жарақат алды, 112 қайтыс болды (10 кәмелетке толмағандар).
Ең көп ЖКО-ның болған жері елді мекендерде 311, халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда 262, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда 80 оқиға тіркелген.
Атап айтқанда, жалпы санның 41%-ы немесе 271 – ЖКО көлік арасындағы қақтығыстар, 28%-ы немесе 187- жаяу жүргіншілер соқтығысы және 15%-ы немесе 101 аударылу.
Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендердің ең көп үлесі жүргізушілер мен жолаушыларға тиесілі 86% немесе 846 адам, жаяу жүргіншілер – 121 немесе 12%.
Бұл апаттардың негізгі себептері белгіленген жылдамдықты асыру, келе жатқан жолаққа шығу. Жағымсыз факторлардың әсерін азайту үшін инфрақұрылым мен заңнаманы жаңарту бойынша бірқатар шаралар қажет.
​Алайда көп нәрсе жол қозғалысының қатысушыларына байланысты екенін ұмытпау қажет және көбінесе олар тек өздері үшін ғана жауапты емес.
​Жалпы алғанда, апат картасын пайдалану кезінде жол полиция мен басқа да құзырлы органдардың күш-жігерін бағыттайды, жол белгілерін, белгілерді, патрульдерді орналастыруға және т.б.
​Картаның мақсаты – жол қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларында болатын өлімді азайту. Апат картасы тек жол-көлік оқиғалары туралы деректерді жинап қана қоймайды, сонымен қатар сарапшыларға, белсенділерге, журналистерге және оларды талдауға бей-жай қарамайтын басқа адамдарға көмектеседі. Мұның бәрі апаттардың нақты себептерін анықтауға, инфрақұрылымды бағалауға және жол қауіпсіздігін жақсартудың жақсы бағдарламаларын жасауға көмектеседі.
​Қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысқа кепілдік беретін, жол қозғалысы қатысушыларының қателіктерін барынша азайтып, жол-көлік оқиғалары салдарының ауырлығын төмендететін заманауи және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бұл уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
Комитетінің Ақмола облысы
бойынша басқармасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img