Ақмола облысында халықтың қаржылық сауаттылығы күннен күнге артып келеді. Түрлі ведомстволар мен мүдделі органдар Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы құралдары, олардың мүмкіндіктері мен функциялары туралы хабар деңгейін айқындауды және ұсынуын, сондай-ақ халықтың ақпараттық және білім беру қажеттіліктерін айқындауды қоса алғанда, халықтың қаржылық сауаттылығын, азаматтардың қаржы нарығына тартылуын, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды «AqmolaNews»АА.
ҚР халқының цифрлық және қаржылық сауаттылығының өсуі жеделдетілген жаһандық технологиялық даму кезеңінде үлкен рөл атқарады. Бұл саладағы жетістіктер адами капиталдың дамуына және жалпы халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді. Бүгінгі нарықтық экономикада және заманауи технологиялардың арқасында адамдардың өмірі әлдеқайда жеңілдеді. Халық үшін көп мүмкіндіктер ашылды, демек, әр адам арқылы өтетін қаржы ағындары да күрделене түсті. Сонымен қатар, статистика 2020 – 2024 жылдарға арналған қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасында көрсетіп отырғандай, 2024 жылға қарай республикада сауаттылық деңгейі 5% – дан 41% – ға дейін өседі деп күтілуде.
«Қаржылық сауаттылық-бұл нарықтағы жағдайды дұрыс бағалауға және ақылға қонымды шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін адамдардың қаржы саласындағы білімдерінің жиынтығы. Бүгінгі таңда қаржылай сауатты болу кез-келген заманауи адам үшін маңызды. Бұл сіздің ақшаңызды орынды жұмсап, жинақ ақшаңызды көбейтуге, өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық шығындардан, алаяқтық пен пирамидалардан қорғауға мүмкіндік береді. Біз жыл басынан бері қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. «Интернет-алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеуге болады» тақырыбында брифинг өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 40-тан астам материалдар және әлеуметтік желілерде 3500-ге жуық жарияланымдар орналастырылған. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің дөңгелек үстелінде «интернет-алаяқтардың қулықтарына қалай түспеуге болады» тақырыбындағы мәселелер талқыланды. Сондай – ақ, біз облыс прокуратурасының, Құқық қорғау органдарының және екінші деңгейдегі банктер филиалдарының бірлескен кеңестеріне бар проблемаларды талқылау және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау мақсатында қатысамыз», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Көкшетау қаласының өңірлік өкілдерінің басқармасы.
Мамандардың айтуынша, барлық іс – шаралар түпкі мақсаиты халықтың қаржы әлеміндегі сауаттылығын көздейді. Өңір тұрғындарының қаржылық қызметтер мен құралдарды шебер пайдалануы, өз қаржысын басқару дағдыларына ие болуы және қаржы жүйесі туралы хабардар болуы аса маңызды.
Аслан Әбуталіпов
Сурет: fingramota.kz