spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен қызметі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ата Заңымыздың 7 бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген. Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін үнемі нығайтып отыру еліміздің саясатының басты басымды мақсатына айналуы тиіс.
Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеруде, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында біршама істер атқарылды, бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңына сәйкес мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.
Аталған тіл туралы Заң күшіне енгелі бері мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп, дамып келеді. Заңда көрсетілген талаптар өз нәтижелерін беруде. Сондай-ак бұл заңнамада лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатыны ескертілген.
Алайда, мемлекеттік ұйымдарда, құқық қорғау мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы бір көрнекті деңгейге жеткенімен, оның қолданылуы толық қанды жүзеге асты деп айтуға ертерек дегім келеді.
Тілге қатысты заң талаптарының күшейуіне қарамастан, әлдеде іс жүргізудің басым бөлігі орыс тілінде жүргізілуде.
Егерде өз мемлекеттіміздің лауазымды адамдары заң талаптарын бұлжытпай орындайтын болса, онда керісінше, іс жүргізудің басым бөлігі қазақ тілінде жүргізілетін еді.
Осы жазылғанға байланысты бір саланы алатын болсақ, айталық сот ісін жүргізу саласын, яғни сот және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қолданатын тілге қатысты заңнамаға тоқталатын болсақ келесіні көруге болады.
ҚР ҚПК-нің 30-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
Осы Заңның талабына сүйенсек, бүкіл арыздар мен қылмыстық істер, қаулы шығарылғанға дейін, қазақ тілінде қаралуға жатады, яғни лауазымды адам сот ісін қазақ тілінде жүргізуге міндетті. Сонымен қатар, сот ісін қазақ
тілінен басқа тілге өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, лауазымды адам
уәжді қаулы шығаруға міндетті, яғни не себепті, қандай мән-жайларға қатысты басқа тілде істі қарауға мәжбүр болғанын, неге іс қазақ тілінде қарауға жатпайтынын ашып көрсетуі тиіс.
Осындай мән-жайларда кейбір азаматтар мемлекет тілінен басқа тілдерге қысым көрсетілуі мүмкін деген ойға келулері ықтимал. Бірақ-та, қолданыстағы заңнамалар адам құқығын бұзуға жол бермейді. Мысалыға, көрсетілген заңға сәйкес іс бойынша iс жүргiзiлетін тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi түрде бiлмейтiн iске қатысатын адамдарға ана тiлiнде немесе өздері бiлетiн басқа тiлде мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер және айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар келтіру, iс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу, белгiленген тәртiппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы қамтамасыз етiледi. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға істің олар үшiн қажеттi, басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiне аудару тегiн қамтамасыз етiледi. Сот процесiне қатысатын адамдарға сотта айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу тiлiне аудармасы өтеусіз қамтамасыз етiледi.
Қылмыстық процесті жүргiзетін органдар процеске қатысушыларға сот iсiн жүргiзу тiлiнде табыс етілуге тиiс құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн адамдар үшiн құжаттардың сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тiлiнде жазылған, куәландырылған көшiрмесi қоса беріледi.
Алайда тіл туралы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi. Оны реттеу өзімізге тиесілі.
Сондада қазіргі қоғамымызда жастардың қазақ тілін меңгеру белсенділігі жоғары және мемлекеттік тілді меңгеруге көңіл аудара бастағандары көрініп келеді. Бұл жайғана дәлелсіз сөз емес, күнделікті тұрмысымызда орын алып келе жатқан көрініс. Айталық, мемлекеттік органдар, аудандық, қалалық жердегі ауруханалар немесе басқа ұйымдар мен мекемелер болсын, ондағы қызмет көрсетіп жүрген адамдардың басым көпшілігі жастар және сұраған сұрауыңызға, егерде қазақ тілінде жүгінген болсаңыз, бірінші кезекте жауапты қазақ тілінде аласыз, яғни қазіргі таңда қандайда болмасын қызмет мемлекет тілінде көрсетілуге жатады немесе көрсетілуге тиіс деген сөз.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының судьясы

Қайшыбеков Ғалым Айдашұлы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img