spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында 200-ге жуық медицина маманы тапшы

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста барлығы 526 медицина учаткесі бар. Оның ішіне 113 терапевтік, 106 педиатриялық, 307 жалпы медициналық мекеме кіреді. Өңірдегі 7 ұйымда үлкен кадр тапшылығы байқалады. Айталық, Степногорск қаласындағы «Виамедис» ЖШС, Атбасар, Жақсы, Қорғалжын аудандық ауруханаларында және  «Авиценна-Бурабай» ЖШС, сондай-ақ,  Көкшетау темір жол ауруханасында білікті дәрігерлер тапшы. Салдарынан участкелік дәрігерлердің жүктемесі артып тұр. Мысалға, Атбасар ауданында жалпы саны шамамен 45мың адам тұрады. Осы тұрғындардың барлығы дерлік Атбасар қаласындағы аудандық ауруханаға жүгінеді. Емхана дәлізіндегі ұзын-сонар кезек пен ашулы халық базынасына да дәрігерлердің жоқтығы себеп.

«Терапевтке жазылу қиын. Қарияларымызды Көкшетауға апаруға тура келеді. Себебі, Атбасарда ауруханадағы кезегің қашан келері белгісіз. Невролог мамандар да жоқтың қасы.  Талон бойынша кезегіңді апталап күтесің немесе ақылы түрде жазыласың. Тар жерде кезек күтіп тұрған адамдар да көп. Бұл өз алдына түрлі вирустардың таралуына себеп»-, деп наразылықтарын білдірді Атбасар ауанының тұрғындары.

Ауданның бас дәрігері 25 маманның жетіспейтінін мойындады. Анестезиологтар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлерге ерекше сұраныс туып отыр. Осыған байланысты бір терапевт кейде 3-4 бөлімшеде қатар қызмет етеді. Ұзын-сонар кезектердің де себебі осы.

«Кей жағдайларда дәрігер жалғыз өзі бірнеше бөлімшеде жұмыс істеуге мәжбүр. Айталық, жалпы тәжірибелік дәрігер екі аймақта жұмыс істейді. Соңғы ковид  проблемаларын ескерсек, бұл үлкен жүктеме. Жыл сайын барлық мемлекеттік медициналық университеттермен келіссөз жүргізіп, мамандарды шақыру жұмыстарын жасаймыз. Бұл өз нәтижесін біртіндеп көрсетіп жатыр. Мамандар тапшылығының себеп, елорданың жақын болуы да мүмкін.  Көп жас мамандар үлкен қалада жұмыс істегенді құп көреді»-, дейді Атбасар аудандық емханасының бас дәрігер, Зарыққан Шаубаев.

«Медициналық қызметтердің қолжетімділігі үшін шалғайдағы ауылдық елді мекендерде облыс бойынша 11 жылжымалы медициналық кешен жолға шықты. 2021 жылы ЖМК қызметтерімен 205 ауылдық елді мекен қамтылды, бұл 54,5 мың адам. Жүргізілген диагностикалық және зертханалық қызметтердің 46,9% – ға, ал, бейінді мамандардың консультацияларының 18,5% – ға өскені байқалады. Тексеру нәтижелері 5 647 науқас анықталып, оның ішінде 198 МСАК есебіне алынды»-, деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі,  Нариман Сыздықов.

Жыл сайын жергілікті жоғарғы оқу орнында  медицина қызметкерлерін оқытуға 50 грант бөлінеді. Олардың есебінен билік алдағы жылдары дәрігерлер тапшылығын  толығымен шешуге ниетті. Ал оларды аудандар мен ауылдық жерлерге  тарту үшін жергілікті бюджет есебінен көтерме қаражат, жалға берілетін тұрғын үй және жоғары жалақы бөлу көзделген.

 

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img