spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми- практикалық конференция өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

20 мамырда «Bolashaq saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВА» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған іс-шараны Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – ақын, ғалым, педагог, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының рухани мұрасын, білім және ғылымға, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу және болашақ ұрпаққа насихаттау.

Конференция секциялық отырыс және пленарлық мәжіліс кезеңдерінен тұрды. Секциялық отырыс кезінде екі бағыт бойынша жұмыс жүргізілді.

Пленарлық мәжілістің ашылуында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев алғы сөздерінде республикалық іс-шараның оң нәтиже беретініне сенім білдіріп, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.

Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатұлы конференцияда білім саласының түйіткілді мәселелерін қозғау керектігін баса айтты.

Пленарлық мәжілісте «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Педагогикалық шеберлік орталығының» бас тренері Жұмагүл Скакова «Ахмет Байтұрсынұлы көтерген тіл саясаты» туралы ой өрбітіп, өзекті мәселені талқыға салды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы Кәсіби білім беру мазмұнын трансформациялау зертханасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанат Райымбекова «ТжКБ педагогикалық білімді трансформациялау мәселелері» тақырыбында сөз қозғады. Астана халықаралық университетінің жанындағы педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, Филология ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші Маханбетова Зауре Нағашыбайқызы «Ахмет Байтұрсынұлы: сөз өнері – рухани әлем» атты баяндама оқыды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аян Қажыбай «Завещание Ахмета Байтурсынулы или возвращение казахской литературной матрицы» тақырыбында ой өрбітті. Талдаудың нәтижесінде баяндамалардың ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік деңгейде екендігі анықталды.
Конференцияға қатысушы отандық ғалымдардың, педагогтердің конференция тақырыбы аясындағы келелі ой-пікірлерін сараптай келіп, ұсыныстар мен пікірлер қабылданды.

Ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырылуына орай «АХМЕТ ЖӘНЕ АЛАШ ЖАСТАРЫ» атты медиа-акция өтті. Іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Тұран», «Мерей» би ансамблдерінің, «Айбын» әскери-патриоттық клубының және «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубының мүшелері қатысты.

Конференция аясында «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АХМЕТ ИДЕЯЛАРЫ» атты еркін ой алаңы өтті. Алаңға жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері, мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері, колледж түлектері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттері жиналды.

Еркін ой алаңында қатысушылар «Алаш зиялыларын алаңдатқан мәселе – Ұлт тағдыры және тіл», «Ахмет идеяларының қазіргі Жаңа Қазақстандағы маңыздылығы», «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жазуын алғаш рет реформалаған ұлы тұлға», «Жаңа Қазақстан құру жолындағы жаңа жобалар» және «Референдумның ЕЛ болашағына ықпалы» атты тақырыптарында ой өрбітті.

Іс-шара барысында «КӘСІБИ БІЛІМ. ТӘЖІРИБЕ. ҒЫЛЫМ» шығармашылық вернисажы ұсынылды. Онда «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық идея» мәдени-концептуалдық көрмесі, колледждің оқу, тәрбие, ғылым және практика блоктары бойынша пилларс, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Логопедия» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының биеналесі қойылды. Сондай-ақ «Жетістіктер алаңы», «Жасанды интеллект» көрме аймағы орналастырылды. Коворкинг және WorldSkills Kazakhstan практикалық көрме аймақтары мен кәсіптік-педагогикалық білімдегі заманауи парадигмасы да ұсынылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img