spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорларын арттыру жолдары

Сондай-ақ...оқыңыз

Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Сондай ақ өз ойын толық жеткізе алу қабілеті де осы кезде қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту –  1-ші сыныптан бастау алады.

Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білуі керек. Сондықтан әр сабағымда бала тілін дамытып , сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолданамын. Оқулықтарында берілген тапсырмаларынан  басқа қосымша тапсырмалар қолданылады.  Сұрақ жауап, әңгімелесу, өз ойын айту ,ойын әдістері арқылы оқушының тілін дамытып, еркін сөйлеу қабілетін жетілдіреміз. Оқушылардың сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақта ойын элементтерін кірістіріп отырудың маңызы зор.  Мысалы: Ойынның шарты бойынша әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы тиіс. Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермеуі керек.Сөйлемге сөз қосып толықтыра алмаған оқушы жеңіледі.

Мен отырмын.

Мен сыныпта отырмын.

Мен жарық сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең , жылы сыныпта отырмын.

Әліппе пәнінде адасқан буындар, шашылған әріптер арқылы сөздер құрап, табылған сөзді қатыстырып сөйлемдер құрауға болады.

Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы – баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді..

Сонымен қатар анаграммалар, мақал –мәтелдер,  өтірік өлеңдер, сөзжұмбақтар тілдік шынығу кезеңінде көбірек қолданыста болса, оң нәтиже берері сөзсіз. Олардың негізгі қасиеті- нақтылық, жылдамдылық, көркемдік.

Ана тілі пәні- ол нағыз тіл дамыту пәні.

Ана тілі пәнінде баланың тілін, ойын дамыту үшін қолданылатын тәсілдің бірі- сюжетті суреттермен әңгіме құрау. «Ойды, мәтінді, суретті, ертегіні жалғастыру»  ойыны да балалар үшін өте қызықты. Мысалы, бір тақырыпқа мәтінді бастап, аяқтауды балаларға ұсыну,есте сақтау, ойлану қабілеттерін дамытуға көп септігін тигізеді.

Сызба бойынша сөйлемді толықтыру балалардың  сөздік, тілдік қорының молаюымен қатар ойлану қабілеттерін дамытады.

Математика пәнінде де баланың тіл байлығын дамыту үшін оларды ,  математикалық тілде сөйлеп және жауаптарын толық сөйлеммен айтуға баулимын.

Мұнда да сабақ барысында түрлі ойын элементтері қолданылады немесе сабақ соңында математикалық ойындар ойналады.

Мысалы «Есептеу машинасы» ойыны , «Шырша өсір», «Пойыз құрастырамыз», «Шеңбердегі мысалдар» және тағы басқалары. Бұл ойындар баланың  тез ойлану қабілеттерін дамытып қана қоймай , математикалық тіл байлығын дамытады.  Өйткені әр баланың жауабы толық болуын мұғалім қадағалап, талап етіп отыруы керек.

«Есептеу машинасы» ойынында ұзын тізбекті мысалдар беріледі.

8+2- 1+10+6+4-2+8-10=

Бала айтып тұрып шығарады. Мысалы , 8 санына 2 санын қосқанда жауабы он болады, он санынан бірді азайтқанда жауабы тооғыз болады т.с.с. Баланың тілін дамытуда мазмұнды есептер үлкен рөл атқарады. Есептердің шартын оқыту, сұрақты дұрыс қою, сұраққа жауапты толық беру арқылы баланың математикалық тілі жетіледі. Сонымен қатар ауызша жаттығулар жүргізуге де болады. «Мен қандай сан ойладым?» ойыны: «Мен бір сан ойладым, оған 50-ді қосқанда, 90шықты. Мен қандай сан ойладым?»  Оқушылар мұғаліммен бірлесе  отырып жауабын табады. Ендігі кезекте балалар өздері ойлап, өздері сөйлеп, жауаптарын береді.

Оқушының сөздік қорының молаюы тікелей оқушының кітап оқуына байланысты екені мәлім.  Олай болса, баланы ерте жастан кітап оқуға қызықтыру маңызды. Осы мақсатты жүзеге асыруда мынадай әдістерді қолдануды ұсынамын:

  1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды.

Бірінші сынып оқушысын кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді.

  1. Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде дауыстап сыныптастарына кедергі келтірмес үшін күбірлеп, әрқайсысы өз жылдамдығымен біреуі жылдам, біреуі баяу барлық оқушылардың оқуы. Әрбір баламен 2 минуттай жұмыс жасай алады.
  2. Әр сабақ сайын бес минуттық оқу. Әр сабақтағы бес минуттық оқуды қарастырып көрейік. Мысалы, Әр сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 минут көлемінде болады.

Сыныптан тыс уақытта да кітап оқуға ынталандыруға болады:

  • «Оқырман отбасы» сайысы . Оқушы үйде отбасымен оқыған ертегінің басты кейіпкерінің суретін салып, сыныптастарыңа әңгімелейді.
  • «Ең оқымысты сынып» оқу марафоны, үзіліс кезінде сыныптар арасында кітап оқыту, жеңімпаздарды марапаттау
  • «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты» күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс кезінде қашықтан кітап оқу
  • Оңтайлы оқуға үйретудің біршама тиімді резервтерін атап айтуға болады.

Оқушылардың тілін дамытуда осындай әдістерді пайдалана отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, байланыстырып сөйлеуіне қол жеткіземіз.

Нұргүл Шәріпова, 

Көкшетау қаласы

№1 мектеп гимназиясының

 бастауыш сынып мұғалімі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img