spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ғалымдар Ақмола облысы бойынша 178 елді-мекеннің тарихи атауына араша түспек

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетауда «Ақмола, Жамбыл облыстарының топонимдері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинары өткізілді. Жиында екі өңірдің ғалымдары облыстардағы тарихи атауларды қалрына келтіру жұмыстарының жүргізілу барысын талқылады, -деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Шараны Мәдениет министрлігі мәдениет комитеті және «KAINAR» кәсіби дайындықтың жоғары мектебі» ұйымдастырды.

Ғылыми-практикалық семинарда облыстардағы тарихи атаулардың этимологиясын диахрондық әдіс тұрғысынан зерттеу, нақты дәлелдермен тарихи атауларды қалпына келтіруге бағытталған жоба әзірленгендігі айтылды.

Жоба аясында ғалымдар Қазақстан мен Ресей мұрағаттары мен кітапханаларындағы мәліметерді ескере отырып,  ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізді.

Жиынға модераторлық еткен Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Бекенованың айтуынша, байырғы тарихи атауларды анықтау үшін ортағасырлық және жаңа кезеңде шыққан карталармен жұмыс жасалды.

Ол өз баяндамасында Ақмола облысының тарихи  атауларын зерттеу жұмыстары үш бағыт бойынша жүзеге асырылғандығын атап өтті.

Жобаның бірінші бағытында аймақтағы 11 қала, 17 аудан, 1600-ден аса село мен елді-мекен атаулары және тағы басқа атаулар талданып, кестелі сөздікке салынды. Ал, екінші бағыт байырғы атауларды қайтарудың диахрониялық талдауы және негіздемесіне арналды. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Ақмола облысы бойынша өзгертілген атауларға қатысты ономастикалық өзгертулер диахрониясы жасалды. Үшінші бағытта субстраттық атаулар сөздігі жасалып, қазақи атаулардың калька варианттарын анықталып Тіл білімі институтына Ақмола облысы бойынша 178 атаудың қазақи атауының дұрыс екенін растау үшін ресми сұраныс хат жіберілді, деді Гүлмира Бекенова.

Оның айтуынша, жоба аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Ұлттық музейі», Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры, «Орталық мемлекеттік архиві», География және су қауіпсіздігі институттарымен хат алмасып, ақпараттар алынған.

Сонымен қатар ғалымдар Омбы облыстық музейіне, архивіне, Пушкин атындағы Омбы кітапханасының сирек кітаптар қорына арнайы барып материалдар алған.

Семинарда оқылған «Ақмола, Жамбыл облыстарының көне картасы» атты баяндама көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы Қуат Сапаров екі өңірдегі көне карталардағы атаулар мен қазіргі заман атауларын салыстыра отырып, терең жүргізілген зерттеулер туралы айтып берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img