spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

«Ботай мәдени кешені – көшпенділердің тұрмыс-тіршілігінен көрініс беретін құнды орын» – Мақпал Тәжмағамбетова

Сондай-ақ...оқыңыз

Ғалымдар энеолит дәуіріне жатқызатын Ботай мәдени кешені Бурабай ауданының ең көрікті жерінде орналасқан. «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейіне Парламент мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова келіп кешеннің жұмысымен танысты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ғалымдардың пайымдауынша, дәл осы жерде әлемде алғаш рет жылқы малы қолға үйретілген. Көшпенділердің алғашқы қонысының үлгісі әлі күнге дейін жас ұрпақтың қызығушылығын жоғалтқан емес.

Дала өркениетінің ұлы жаңару дәуірінің алдындағы ботайлықтардың өмір сүру дағдысы, салт-санасы, тіршілігі кімді де болса қызықтырады. Ботай қонысы біздің көшпенді бабаларымыздың кім болғандығынан хабар беретін құндылық. Бұл жұмыстың жүзеге асуына мұрындық болған азаматтарға алғыс. Оны көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау парызымыз,-деп атап өтті депутат сапар барысында.

Ботай баспаналарының реконструкциясы – бұл  Қазақстандағы алғашқы ғылыми тәжірбие. Осы жаңалық ата-бабаларымыздың құрылыс саласындағы берген білімінің тарихи тәжірбиесі және уақыт өткеннен кейін қазақ киіз үйіне ауысқан ерекше сәулеттік стиль болып саналады. Себебі шатыр үлгілері заманауи құрылыста әлі күнге дейін қолданалып келеді.

Кешен Бурабай символы болатын тұмар тәріздес 7 тұрғын үйден тұрады. Барлық тұрғын үйлер бір-бірімен жер асты өткелдері арқылы өзара қосылған және әрқайсысы өзінше бірегей құрылыс.

Жақында музейге арнайы тапсырыспен 4 ботайлықтың үлгісі жасалып, қойылды. Бұл фигураларды жасауға Ботай мәдениетін ашқан Виктор Зайберт пен еңбектері халықаралық ғылыми қауымдастық негізінде мойындалған Нұрбол Баймұханов сияқты басқа да бір топ ғалымдар үлес қосты. Сөйтіп, олар тайпа көсемінің мүсінін, қолөнерші ер адамның, қымыз дайындау үдерісімен айналысатын Ботай әйелінің және сол заманда қоғам өмірінде айырықша статусқа ие болған шаманның бейнесін жасап шығарды. Осылайша, бұл жұмыстар музейдің құнды жәдігерлерінің біріне айналды,-дейді музейдің ішкі және сыртқы көрінісімен таныстырған экскрурсоводы Әйгерім Айдарбекова.

Еліміздің туристік кластерін дамытуда мұндай тарихи-мәдени кешендерді құрудың маңызы зор.

Сол себепті ғалымдар алдағы уақытта ортағасыр қалашығы «Бозақтың» аумағында ашық аспан астындағы музейін, Солтүстік Қазақстан облысында «Ботай» музей-қорығын және Батыс Қазақстанда «Сарайшық» кешенін құруды көздейді.

Жақында дала өркениетінің тарихи орталығына айналатын «Шығыс қаласы»  да елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының ең көрікті жерінен орын теппек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img