spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Коллекторлық агенттік қызметінің қаржылық тұтынушыларына арналған жадынамасы

Сондай-ақ...оқыңыз
  1. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Коллекторлық агенттік – жеке және заңды тұлғалардан берешекті өндіріп алуға маманданған ұйым.

Коллекторлық қызмет нысанасы кредиторға сотқа дейін өндіріп алу және берешекті реттеу, сондай-ақ берешекпен байланысты ақпарат жинау жөнінде қызмет көрсету болып табылатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

  1. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?

Коллекторлық агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) есептік тіркеуден өткеннен кейін және Коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілгеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.

Коллекторлық агенттіктің есептік тіркеуден өткен-өтпегенін, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің орналасқан жерін, интернет-ресурсы, телефондары туралы мәліметтерді Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде танысуға болады.

3. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚТАР БЕРІЛГЕН?

Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде коллекторлық агенттіктерге мынадай құқықтар берілген:

  • өз қызметін кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде жүзеге асыру;
  • берешекпен байланысты ақпаратты жинауды жүзеге асыру;
  • кредитордан құжаттар (түпнұсқалар мен көшірмелер), түсіндірмелер мен ақпарат алу;
  • талап ету құқығын коллекторлық агенттік кредитордан сатып алған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша сот тәртібінде өндіріп алу;
  • сотта кредитордың өкілі болу;
  • борышкер бұрын банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты жасау кезінде берген борышкер туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан сұрату.
  1. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТЕР БОРЫШКЕРМЕН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОНЫҢ ӨКІЛІМЕН ЖӘНЕ (ҮШІНШІ ТҰЛҒАМЕН) ҚАЛАЙ ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ ЖАСАЙДЫ?

Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен мынадай тәсілмен өзара іс-әрекет жасауға құқылы:

  • телефон арқылы келіссөздер;
  • жеке кездесулер;
  • борышкер жеке тұлғаға тұрғылықты жері бойынша (заңды мекенжайы), борышкер заңды тұлғаға орналасқан жері бойынша (нақты мекенжайы) жіберілетін жазбаша (пошта арқылы) хабарламалар;
  • ұялы байланыс арқылы мәтіндік, дыбыстық және басқа хабарламалар;
  • Интернет желісі арқылы.

Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен бірінші рет байланыс жасаған кезде мыналар туралы хабарлануы тиіс екенін білу маңызды:

  • коллекторлық агенттіктің атауы және коллекторлық агенттіктер тізіліміндегі тіркеу нөмірі;
  • коллекторлық агенттіктің орналасқан жері;
  • борышкермен қарым-қатынас жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
  • кредитордың атауы;
  • кредитордың берешекті коллекторлық агенттіктің жұмыс істеуіне беруі;
  • берешектің құрылымы, негізгі борыштың мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығы, банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы, комиссиялар, айыпақы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
  • борышкердің банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта, ҚР заңдарында көзделген жауапкершілігі және басқа міндеттемелері, сондай-ақ банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау салдары.

Алғашқы байланыс орнату кезінде коллекторлық агенттік борышкерге және оның өкіліне берешектің туындау себептері, кірістері және банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы коллекторлық агенттікке өтінішхат беруге негіз болған басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы екендігін хабарлауға міндетті.

Коллекторлық агенттіктердің қандай іс-әрекеттері жосықсыз және тиісінше тыйым салынған?

Атап айтқанда, мұндай әрекеттер мыналар болып табылады:

  • борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен Коллекторлық қызмет туралы заңда көзделмеген өзара іс-қимылдың өзге де тәсілдерін пайдалану;
  • борышкердің және оның өкілінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскери беделіне кір келтіретін мәліметтерді тарату не оларға мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария ету;
  • борышкердің және оның өкілінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ оларға мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын құқыққа қарсы әрекеттер жасау;
  • күш қолдану не борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) үшінші тұлғалардың мүлкін жою немесе бүлдіру, қорлау, алаяқтық, құжаттардың жалғандығы, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсету;
  • борышкерді, оның өкілін берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға әкелу;
  • ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті берешекті өтеу есебіне қабылдау;
  • қарызды ақшадан басқа мүлікпен өтеуді талап ету;

ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған, ҚР заңдарымен қорғалатын құпияны жария ету.

  1. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТЕР БОРЫШКЕРДІҢ БАНК ШОТЫН БҰҒАТТАУҒА ҚҰҚЫЛЫ МА?

Коллекторлық агенттіктер борышкердің банк шотын бұғаттауға, сондай-ақ борышкерлердің шоттарына төлем талаптарын қою арқылы берешекті акцептсіз тәртіппен өндіріп алуға құқылы емес.

Банк шоттарына тыйым салуды қылмыстық-процестік заңнамада және атқарушылық іс жүргізу туралы заңда көзделген тәртіппен сот актілері негізінде және сот орындаушыларының прокурор санкция берген қаулылары негізінде ғана жүзеге асыруға болады.

Банк шотына шектеулер қою себептерін анықтау үшін өз деректеріңізді борышкерлердің және сыртқа шығуға уақытша шектеу қойылған борышкерлердің бірыңғай тізілімі арқылы тексеру немесе шот ашылған банкке жүгіну қажет.

  1. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТЕР БОРЫШКЕРДІҢ МҮЛКІН АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ МА?

Борышкердің мүлкіне түгендеу жүргізуге және оған тыйым салуға жеке сот орындаушысының ғана құқығы бар. Жеке сот орындаушылары атқарушылық өндіріс шеңберінде мүлікті сауда-саттықтан мерзімі өткен борыштарды өтеу үшін сатады.

 

  1. БОРЫШКЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОНЫҢ ӨКІЛІ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНГЕН?

 

Борышкер және (немесе) оның өкілі мыналарға құқылы:

  • берешекті сотқа дейін өндіріп алу мен реттеуді жүзеге асыратын коллекторлық агенттік туралы мәліметтерді кредитордан алу;
  • көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен осындай өтініштің себептерін негіздей отырып, кредиторға жүгіну;
  • коллекторлық агенттіктің талаптарын толық та, ішінара да, оның ішінде сотта даулау;
  • уәкілетті органға коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағыммен жүгіну;
  • толық өтелген кезде кредитор алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама алу үшін мемлекеттік кредиттік бюроға және (немесе) кредиторға жүгіну;
  • коллекторлық агенттіктің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл процесін аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өз бетінше тіркеу.

 

Борышкер және (немесе) оның өкілі мыналарға міндетті:

  • коллекторлық агенттікке өзінің тұрғылықты жерінің өзгергені, атының, әкесінің атының, тегінің өзгергені, жеке басты куәландыратын құжаттарының өзгергені, олармен (онымен) байланысу үшін пайдаланылатын байланыс ақпаратының өзгергені және байланыс тәсілінің өзгергені туралы уақтылы ақпарат беру;
  • коллекторлық агенттіктің сұратуы бойынша ҚР заңнамасына сәйкес берешекті өтеу үшін өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістер мен шығыстардың деңгейі, тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы анық ақпаратты ашу;
  • коллекторлық агенттікпен берешекті реттеу бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • 15 жұмыс күні ішінде кредитор ұсынған берешекті өтеу шарттарын қарап, коллекторлық агенттікке не кредиторға борышкер үшін қолайлы жағдайларды хабарлау.
  1. БЕРЕШЕКТІ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТӘРТІППЕН ҚАЛАЙ РЕТТЕУГЕ БОЛАДЫ?

Коллекторлық агенттікпен диалог құру қажет және берешекті реттеу бойынша олармен өзара әрекеттесуден қашпау қажет.

Сотқа дейінгі келіссөздер кезінде борышкерге берешекті өркениетті тәртіппен реттеу және қарыздарды қайтару тәртібі мен мерзімдерін бекіту мүмкіндігі берілетінін білу маңызды.

Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібі шеңберінде борышкер және (немесе) оның өкілі коллекторлық агенттік оларды (оны) хабардар еткен күннен кейінгі күнтізбелік 30 күн ішінде шарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіне алады.

Өтініште берешектің туындау себептері туралы мәліметтерді ашып көрсету, сондай-ақ ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайы, тұрғылықты жері және мүлкінің бар-жоғы туралы шынайы ақпарат беру қажет.

Коллекторлық агенттік өтінішті алғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде  оны кредиторға жіберуге міндетті.

Кредитор жазбаша өтінішті алған күннен кейінгі күнтізбелік 15 күн ішінде шартты өзгертуге ұсынылған талаптарды қарастырады және коллекторлық агенттікке мыналар:

  • шартқа ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
  • шарт талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;
  • мұндай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, шарт талаптарын өзгертуден бас тартатыны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Коллекторлық агенттік кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде ол туралы борышкерге хабарлайды.

  1. КОЛЛЕКТОРЛАРМЕН ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАЛАЙ РЕТТЕУГЕ БОЛАДЫ?

 Коллекторлық агенттіктермен даулы және шиеленісті мәселелер туындаған жағдайда, борышкер Қазақстан Коллекторларының Ұлттық Палатасының https://stop-collector.kz/ сайтында өтінім қалдырып, +7707 573 00 00 телефон нөмірі арқылы байланыс жасауына немесе Қазақстан Коллекторларының Қауымдастығына  +7776 508 33 00 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады.

  1. ЕГЕР СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ БҰЗЫЛҒАН ДЕП САНАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Коллекторлық агенттіктердің ҚР заңнамасын сақтамағандығын тексеру үшін борышкер  Агенттікке жазбаша өтінішпен:

  • электрондық пошта: info@finreg.kz;
  • мына мекенжайға жазбаша нысанда: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй;
  • Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына (тұрғылықты жері бойынша);
  • жедел желі телефон нөмірі арқылы: +7 (727) 237 1000 хабарласа алады.

Өтінішке кез келген қосымша мәліметтерді, аудио- және бейнежазбаларды  қосу қажет. Тексеру барысында бұзушылық расталса, коллекторлық агенттікке тиісті шаралар қолданылатын болады.

Егер сізге қорқыту, зорлық-зомбылық, қорлау немесе алаяқтық жасау арқылы қысым жасалған жағдайда, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет екеніне назар аударамыз, себебі мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img