spot_img
Сейсенбі, Наурыз 17, 2026
1.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету жүйесі жетілдірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде Ақмола облысында шамамен 30 мың мүгедектігі бар азамат тіркелген. Бұл облыс халқының шамамен 3,4 пайызын құрайды. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Нұрлан Шерьязданов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Бұл бағытта елімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл облыс халқының шамамен 3,4 пайызын құрайды.Сонымен қатар өңірде 18 жасқа дейінгі шамамен 4 мың мүгедектігі бар бала бар.

Мүгедектікті анықтау медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары бұл қызметті көрсету жүйесінде цифрлық өзгерістер енгізіліп жатыр. Қазір мүгедектікті сырттай, яғни азаматтың жеке қатысуынсыз анықтау тәжірибесі де қолданылып келеді. Бұл үшін медициналық құжаттар электронды форматта қаралады.

Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Шерьязданов Нұрлан бұл өзгерістер азаматтарға қызмет көрсетуді жеңілдететінін атап өтті.

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Бұл процесті жеңілдетіп, қызметтің ашықтығын арттырады», – дейді ол.

Сонымен қатар өңірде медициналық-әлеуметтік сараптамаға жазылу үшін электрондық кезек жүйесі енгізілуде. Енді азаматтар әлеуметтік қызметтер порталында өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, қабылдауға алдын ала жазыла алады.

«Электрондық кезек жүйесі азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл халыққа қолайлы қызмет көрсетуге бағытталған маңызды қадам», – дейді Нұрлан Шерьязданов.

Жалпы, енгізіліп жатқан жаңашылдықтар мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға және әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда бес асық ойынында ұлттық рекорд орнатылды

Көкшетау қаласындағы Теннис орталығында 27 қалалық мектептің шамамен 1500 оқушысы бір мезгілде бес асық ұлттық ойынына қатысты. Бастаманың мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика