spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
4.2 C
Kokshetau

Халықтың санитариялық мәдениеті – эпидемиологиялық тұрақтылықтың негізі

Сондай-ақ...оқыңыз

Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы тек мемлекеттік органдар мен медицина ұйымдарының жұмысына ғана емес, әр азаматтың жауапкершілік деңгейіне де тікелей байланысты. Халықтың санитариялық мәдениеті – қоғамның биологиялық қауіпсіздігінің іргетасы, жұқпалы аурулардың алдын алудың және ұлт саулығын сақтаудың басты шарты.

Облыста жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Маусымдық сырқаттанушылық кезеңінде санитариялық-профилактикалық шаралар кешені жүзеге асырылады: медицина ұйымдарының жұмысы күшейтіледі, науқастар легі реттеледі, білім беру мекемелерінде мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда шектеу шаралары енгізіледі. Бұл қадамдар инфекцияның таралуына жол бермеуге және халықтың осал топтарын қорғауға бағытталған.

Дегенмен, ұйымдастырушылық шаралармен ғана шектелу жеткіліксіз. Тиімді профилактика азаматтардың саналы қатысуын талап етеді. Жеке бас гигиенасын сақтау, дер кезінде дәрігерге қаралу, өз денсаулығына және балалардың саулығына жауапкершілікпен қарау – қоғамдағы санитариялық мәдениетті қалыптастыратын күнделікті дағдылар.

Иммундаудың да маңызы ерекше. Вакцинация – жұқпалы аурулардан қорғанудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген әрі тиімді әдістерінің бірі. Жоспарлы екпелердің арқасында адамзат бірқатар қауіпті инфекцияларды жойып, кейбірінің таралуын айтарлықтай төмендетті. Вакцинация жеке адамды ғана емес, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы тұтас қоғамды қорғайды.

Соңғы жылдары профилактикалық екпелерден бас тарту үрдісінің артуы алаңдаушылық тудырады. Мұндай жағдайлар инфекцияға бейім топтардың қалыптасуына әкеліп, ауру ошақтарының пайда болу қаупін күшейтеді. Халықаралық қатынастар мен көші-қон үдерістері белсенді кезеңде тұрған қазіргі уақытта бұл эпидемиологиялық тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін.

Жұқпалы аурулардың ауыр түрлері мен асқынулары көбіне екпе алмаған адамдар арасында тіркелетінін ескерген жөн. Вакцинация туралы шешім сенімді ғылыми деректер мен мамандардың ұсынымдарына негізделуі тиіс.

Мемлекет Ұлттық егу күнтізбесі аясында профилактикалық екпелерге тегін әрі тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының міндеті – иммунопрофилактиканың қауіпсіздігін, сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Санитариялық мәдениет – жеке жауапкершіліктен басталады. Денсаулықты сақтау, алдын алу шараларын ұстану, екпе алу әр азаматтың өңірдің биологиялық әл-ауқатына қосқан үлесі. Мемлекет пен қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтап, келер ұрпақтың саулығын қамтамасыз ете аламыз.

 

СЕРІК ОМАРХАНОВ

Ақмола облысының

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаментінің басшысы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету жүйесі жетілдірілуде

Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде Ақмола облысында шамамен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика