Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумға азаматтардың қатысуы туралы кезекті мәліметті жариялады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Ақмола облысында сайлаушылардың келуі 77,72 пайызды құрады.
Жалпы республика бойынша осы уақытқа дейін 8 845 280 азамат бюллетень алған. Бұл дауыс беруге арналған тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызын құрайды.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сағат 20:30-да жарияланады.



