spot_img
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
2.2 C
Kokshetau

Ақмола облысындағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қандай жағдайлар жасалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Сандықтау ауданында сайлау учаскелерінде қолжетімді орта қалыптастырудың нақты үлгісі көрсетілді. Ауданның әрбір сайлау учаскесінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға ерекше көңіл бөлінді. Арнайы пандустар, тактильді бағыттаушы белгілер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жасырын дауыс беру кабиналары орнатылды. Мұның барлығы тұрғындарға өз таңдауын еш кедергісіз, еркін әрі қолайлы жағдайда жасауға мүмкіндік берді.

Сайлау учаскелеріне келген мүмкіндігі шектеулі азаматтар биылғы жылы жасалған жағдайлардың бұрынғыдан да жақсарғанын атап өтуде.

«Бұрын сайлау учаскесіне өзім баруға кейде күмәнданатынмын. Бүгін барлығы өте ыңғайлы ұйымдастырылған екен. Кіреберісте волонтерлер қарсы алды, дауыс беру кабинасы да қолайлы, бәрі қолжетімді. Азаматтардың жайлылығы алдын ала ойластырылғанын сезіну өте қуантады. Бұл мемлекет үшін әр азаматтың дауысы маңызды екенін көрсетеді», – деп пікір білдірді Балкашино ауылының тұрғыны.

Сандықтау ауданындағы жағдай жалпы өңірдегі ахуалды көрсетеді. Облыстың барлық аудандарында, соның ішінде Жарқайың, Ерейментау және басқа да өңірлерде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған.

Сайлау процесінің барша азаматқа тең әрі қолжетімді болуы – инклюзивті қоғам қалыптастырудың маңызды белгісі. Осындай жағдайлардың жасалуы әр азаматтың өз таңдауын еркін жасауына мүмкіндік беріп, елде жүргізіліп жатқан реформаларға деген халық сенімін нығайтады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында дауыс беру күні шағын лотереямен ерекше өтті

Бүгін Аршалы ауданының тұрғындары үшін бұл күн маңызды оқиғамен қатар, ерекше жылы әрі достық атмосферасымен есте қалды. Референдум күнін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика