Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңызын кеңінен талқылау болды.
Жиын барысында Конституция жобасына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты ақпарат беріліп, олардың ел дамуы мен қоғамдық өмірдегі маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылар алдағы референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырылды.
Кездесу барысында музей қызметкерлері коалиция мүшелеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу өзара түсіністік пен ашық диалог алаңына айналды.