Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында «Ұшқын-Көкшетау» командасы да бар. Трибунадағы жанкүйерлер арасында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов болды.
Чемпионат барысында ақмолалық волейболшылар Орал, Ақтөбе, Петропавл және Атырау қалаларынан келген командалармен кездеседі. Қазіргі уақытта турнирлік кестеде «Ұшқын-Көкшетау» волейбол клубы 6-орында тұр.
Спорт кешенінің әкімшілігі жарыстардың кесте бойынша өтіп жатқан үйірмелер мен секциялардың жұмысына кедергі келтірмейтінін атап өтті. Өңір басшысы еркін күрес секциясының жаттығуына қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
«Ертең сіздер чемпион боласыздар, бірақ ол үшін өздеріңізбен көп жұмыс істеу, табанды жаттығу және жаттықтырушылардың тапсырмаларын орындау қажет. Бұл спорт кешені Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ең алдымен балалар спортын дамыту үшін салынған, біз сіздерді алдағы уақытта да қолдауға дайынбыз», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.



