spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
-0.8 C
Kokshetau

«Тугель – С» ЖШС ұжымы референдумды қолдайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданындағы ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін «Тугель – С» ЖШС ұжымы Жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдумды қолдайтынын мәлімдеді. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына өз үлесін қосып келеді.
Бүгінде «Тугель – С» ЖШС ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, ауылдық жерлердегі еңбек әлеуетін арттыруға ықпал етуде. Ұжым мүшелері жаңа конституциялық өзгерістер ауыл шаруашылығы саласының тиімді дамуына, кәсіпкерлікті қолдауға және ауылдық аймақтардың әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді деп сенеді.

«Әр азамат ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қарауы тиіс. Біздің ұжым референдумды қолдайды, себебі ол еліміздің тұрақты дамуына және ауыл шаруашылығы саласының нығаюына жол ашады», – деп атап өтті кәсіпорын басшысы Кенжеболат Тұрғынбаев.
Жақсы ауданының еңбеккерлері бірлік пен жауапкершілік ел дамуының басты кепілі екенін айтты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Пікірсайыс қозғалысының өкілі: «Референдум – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі»

Пікірсайыс қозғалысының белсенді мүшесі Әділет Сембі референдум қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын маңызды демократиялық құрал екенін айтты. Оның...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика