spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Пікірсайыс қозғалысының өкілі: «Референдум – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі»

Сондай-ақ...оқыңыз

Пікірсайыс қозғалысының белсенді мүшесі Әділет Сембі референдум қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын маңызды демократиялық құрал екенін айтты. Оның пікірінше, мұндай қоғамдық-саяси процестерге азаматтардың, әсіресе жастардың белсенді қатысуы ел болашағы үшін аса маңызды.

Әділет Сембі референдум халыққа ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – азаматтардың мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге белсенді қатысуы. Ал референдум – халықтың өз пікірін ашық білдіріп, ел дамуының бағытын айқындауға мүмкіндік беретін ең тиімді демократиялық тетіктердің бірі», – деді ол.

Оның айтуынша, пікірсайыс қозғалысы жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және қоғамдық мәселелерге жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

«Пікірсайыс мәдениеті жастарды сыни ойлауға, әртүрлі көзқарастарды талдауға, маңызды мәселелерге жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Мұндай құндылықтар қалыптасқан қоғамда әр азамат ел болашағына бейжай қарамайды», – деді пікірсайыс қозғалысының өкілі.

Сонымен қатар ол алдағы референдум еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

«Алдағы референдум – еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл – халықтың пікірін ескеріп, елдің стратегиялық даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін тарихи шешімдердің бірі», – деді Әділет Сембі.

Сондай-ақ ол жастардың мұндай қоғамдық-саяси процестерге қатысуының маңызына тоқталды.

«Бүгін қабылданатын шешімдер – ертеңгі ұрпақтың өміріне, олардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне тікелей әсер етеді. Сондықтан референдум – тек саяси науқан емес, бұл – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі», – деді ол.

Әділет Сембі әрбір азаматтың дауысы ел болашағына қосылған нақты үлес екенін айтып, қоғам мүшелерін белсенді болуға шақырды.

«Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына қосылған нақты үлес. Сондықтан қоғам мүшелері белсенділік танытып, референдумға қатысу арқылы мемлекетіміздің тұрақты дамуына өз үлесін қосады деп сенемін», – деді ол.

Оның сөзінше, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге халықтың тікелей қатысуы – демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі.

«Еліміздің болашағы – баршамызға ортақ құндылық. Ал сол болашақты айқындайтын маңызды шешімдерге халықтың тікелей қатысуы – демократиялық қоғамның басты белгісі», – деп түйіндеді ол.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

1200 депутат кәсіби оқудан өтіп, цифрлық басқару саласында дайындалды – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанда цифрлық мемлекет құру, әсіресе мәслихаттардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика