Облыс әкімі Марат Ахметжанов педагогтармен студенттермен кездесу өткізді. Кездесумемлекет дамуына бағытталған бастамалармен конституциялық реформалардың маңызын талқылау аясында өтті.
«Алдағы Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезең. Елдің Негізгі заңы саяси, әлеуметтік және экономикалық дамудың бағытын айқындайды, ал ұсынылып отырған өзгерістер Әділетті Қазақстан қағидаттарын, ашықтықты және мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағын қалыптастыруға үлес қосуы тиіс.
Бүгін білімді әрі белсенді қоғам өкілдерінің – педагогтар мен студент жастардың қатысуы ерекше маңызды. Себебі дәл сіздер азаматтық мәдениетті қалыптастырып, жаңа ұрпақты тәрбиелейсіздер және мықты әрі әділетті мемлекеттің негізін қалайсыздар», – деп атап өтті өңір басшысы.



