spot_img
Сейсенбі, Наурыз 10, 2026
-22.8 C
Kokshetau

Жаңа Конституция құқықтық жүйені күшейтіп, қоғам сенімін арттырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Сәбит Жәмбек жаңа Конституция жобасын талқылау ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды қоғамдық-саяси үдеріс екенін айтты. Оның пікірінше, негізгі заң кез келген мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесінің іргетасы болып табылады.

Профессордың айтуынша, Конституция қоғам дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын басты құжат саналады.

«Конституция – кез келген елдің құқықтық және саяси жүйесінің негізі. Ол қоғам дамуының стратегиялық бағытын айқындайды. Сондықтан оның жаңартылуы уақыт талабына сай болып, жаңа міндеттер мен өзгерістерге жауап беруі тиіс», – деді Сәбит Жәмбек.

Сарапшының пікірінше, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

«Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға жасалған маңызды қадам», – деп атап өтті профессор.

Ғылыми қауымдастық өкілі ретінде ол елдің тұрақты дамуы ең алдымен оның құқықтық негіздерінің беріктігіне байланысты екенін айтты.

«Конституциялық реформалар қоғамның эволюциялық дамуына серпін беріп, саяси жүйенің жаңаруына жол ашады. Сонымен қатар бұл өзгерістер мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесінде қоғамдық пікірдің рөлін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Сәбит Жәмбектің айтуынша, Қазақстан қазіргі уақытта өзінің даму жолында жаңа кезеңге қадам басып отыр.

«Мұндай тарихи сәттерде қоғамның бірлігі, азаматтардың жауапкершілігі мен белсенділігі ерекше маңызға ие. Сондықтан жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылау және қолдау – елдің тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам», – деді сарапшы.

Профессордың пікірінше, жаңа Конституция жобасы тек құқықтық құжат қана емес, елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын маңызды негіз болып табылады.

«Жаңа Конституция – бұл тек құқықтық құжат емес. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, Қазақстанның саяси жаңғыруына және құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға қызмет етеді», – деп түйіндеді Сәбит Жәмбек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су үнемдеу технологиялары арқылы былтыр 874 млн текше метр су үнемделді – министрлік есебі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мәселелері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика