spot_img
Дүйсенбі, Наурыз 9, 2026
-11.8 C
Kokshetau

Жаңа Конституция жобасы қоғам дамуына бағытталған маңызды құжат

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жаңа Конституция жобасына қатысты сарапшылар пікір білдіруде. «Нұр-Қорғалжын» газетінің тілшісі Ботагөз Сембайқызы Тәжимованың айтуынша, бұл құжат қоғамның дамуына бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Ол журналистер үшін мұндай өзгерістердің мәнін халыққа түсінікті түрде жеткізу маңызды міндет екенін атап өтті.

«Менің ойымша, жаңа Конституция жобасы – қоғамның дамуына бағытталған маңызды құжат. Журналист ретінде мұндай бастамалардың мәні мен маңызын халыққа түсінікті тілде жеткізу, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал ету – біздің басты міндетіміздің бірі. Себебі кез келген өзгеріс қоғаммен ашық диалог арқылы жүзеге асқанда ғана өз нәтижесін береді», – деді Ботагөз Тәжимова.

Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мен мемлекет арасындағы маңызды байланысты қамтамасыз етеді.

«Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мен мемлекет арасындағы көпір іспетті. Сондықтан конституциялық өзгерістер туралы нақты әрі шынайы ақпарат тарату, оның негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру аса маңызды. Бұл азаматтардың елдегі маңызды саяси үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік береді», – деді ол.

Сарапшы жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

«Меніңше, жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Мұндай өзгерістер елдің тұрақты дамуына және халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді», – деді тілші.

Оның пікірінше, жаңа Конституция жобасы елдің болашағына қатысты маңызды қадамдардың бірі.

«Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы еліміздің болашағына қатысты маңызды қадамдардың бірі деп санаймын. Сондықтан қоғам өкілдері бұл бастаманы жан-жақты талқылап, өз азаматтық ұстанымын білдіруі қажет», – деді Ботагөз Тәжимова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды

Елімізде «Халықтық Конституция қарапайым сөздермен» деп аталатын цифрлық платформа іске қосылды. Жобаны «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Әбутәліп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика