Көкшетау қаласында 15 наурызда өтетін республикалық референдумға байланысты тұрғындарға ақпарат беру мақсатында арнайы call-орталық жұмыс істейді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, call-орталық арқылы азаматтар өздерінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын, қай учаскеде дауыс беретінін және референдумға қатысу тәртібін нақтылай алады. Сондай-ақ тұрғындарға дауыс беру процесіне қатысты кеңестер беріледі.
Call-орталыққа 8 (7162) 29-78-21, 29-78-91, 29-78-65 нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Мамандардың айтуынша, бұл қызмет азаматтардың референдумға қатысты қажетті ақпаратты жедел алуына мүмкіндік береді.



