spot_img
Сенбі, Наурыз 7, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Конституция жобасындағы неке туралы норма әйелдердің тең құқығына кепілдік береді — депутат Үнзила Шапақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында неке ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде бекітілген. Бұл норма әрбір жұбайдың құқықтарын қорғауға кепілдік беру үшін енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Астанада өткен Silk Power 2026 алаңында мәлімдеді.

Фото: Kazinform
Іс-шара барысында Ү.Шапақ конституциялық нормалардың маңызына тоқталып, Конституция мемлекеттің негіздері мен қоғамның басты құндылықтарын айқындайтын қоғамдық келісім екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ Конституция жобасында бекітілген неке туралы нормаға ерекше тоқталды. Аталған нормаға сәйкес, неке — мемлекет тіркейтін ер мен әйелдің тең құқықты одағы болып саналады.

— Ер мен әйел бастапқыдан тең деңгейде тұрады, ал Конституция олардың некеде де тең болып қалатынын бекітеді. Сонымен қатар неке ешкімге күштеп таңылмауы тиіс. Біздің дәстүрімізде үйлену алдында түрлі рәсімдер жасалады. Алайда қыз келісімін бермейінше, олардың ешқайсысы жүзеге аспайды. Мемлекет Конституцияда некенің тек екі адамның еркін келісімімен ғана жасалатынын бекітеді. Ал мемлекет бұл одақты тіркеп, кейін некедегі әр адамның құқығын қорғауға кепілдік береді, — деді Үнзила Шапақ.

Айта кетейік, Silk Power 2026 шарасы Астанада үшінші рет өтіп жатыр. Бұл алаң қоғамдағы әйелдердің рөлі мен қазіргі заманның сын-қатерлерін талқылау үшін әртүрлі саладан келген әйел көшбасшыларды біріктіреді.

https://kaz.inform.kz/news/preambula-bolashak-bagdarimizdin-rgetasi-unzila-shapak-9815ca

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика