Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы Сағындық Абаханов Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдіріп, бұл құжат елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды тарихи қадам екенін атап өтті.
Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер қоғамның сұранысына сай мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және билік тармақтарының тиімді әрі теңгерімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды әрі тарихи қадам. Бұл құжат қоғам сұранысына сай мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының теңгерімді жұмыс істеуіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі нығайтуға бағытталған», – деді Сағындық Абаханов.
Ол сондай-ақ өзгерістер мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететінін айтты. Оның пікірінше, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту демократиялық қағидаттарды нығайтуға мүмкіндік береді.
«Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, халықтың мемлекет ісіне белсенді қатысуына жол ашып, демократиялық қағидаттардың нығаюына ықпал етеді», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар Абаханов жергілікті мәслихаттардың құзыретін кеңейту өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін жеткізді.
«Әсіресе, жергілікті мәслихаттардың құзыретін кеңейту аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Жергілікті өкілді органдардың рөлінің артуы халықтың пікірін ескеріп, өңірлердің өзекті мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді», – деді ол.
Мәслихат төрағасының айтуынша, жаңа Конституция жобасы әділетті қоғам құруға және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
«Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды құжат. Сондықтан оны қолдау – еліміздің дамуына, бірлігіміз бен тұрақтылығымызға қосылған маңызды үлес деп есептеймін», – деп түйіндеді Сағындық Абаханов.






