spot_img
Дүйсенбі, Наурыз 2, 2026
-5.8 C
Kokshetau

Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор – Айбек Дәдебай

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай айтты. – Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумға жалпы дайындық жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр деуге болады. Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор. Сондықтан барлық құқықтық рәсімінің сақталуы, заң талаптарының қатаң орындалуы өте өзекті болып тұр. Бұл ретте Орталық референдум комиссиясының атқарар рөлі ерекше болмақ. Ал мемлекеттік органдардың басты міндеті – дауыс беру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті жағдайды жасау, – деді Айбек Дәдебай.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының мәтінімен жұмысқа баса мән берді.

– Ол үшін арнайы уақыт бөліп, барынша белсенді атсалысты. Азаматтардан, сарапшылық қауымдастықтан, қоғамдық ұйымдардан келіп түскен сындарлы ұсыныстарды жеке өзі оқып, жіті зерделеді. Одан соң кеңесшілермен, сарапшылармен бірге негізгі заңның кіріспесін, бөлімдері мен баптарын жазумен, оны өңдеумен тыңғылықты түрде айналысты. Жалпы Президент соңғы жарты жыл ішінде аптасына кемінде бір рет, кейде одан да жиі түрде әуелі Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобының өкілдерімен, жектекшілерімен, одан кейін Конституциялық комиссияның жетекшілерімен кездесіп отырды. Бұл кездесулер кейде бір сағаттан астам уақытқа созылатын. Осыдан-ақ біз жұмыстың қандай қарқынмен жүргенін аңғара аламыз, – деді ол.

Айбек Дәдебай Президент тығыз жұмыс кестесіне қарамастан Конституция мәтінінің жобасын әзірлеуге өте ерекше мән бергенін көпшілік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп, біліп отырғанын айтады.

– Тіпті түнгі уақытта да Мемлекет басшымыз осы мәтінмен жеке өзі жұмыс істегенін Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері жақсы біледі. Жалпы жаңа Конституция жобасының мәтінінде Мемлекет басшысының саяси бағдарының басты қағидаттары, қоғам мен мемлекеттің дамуына қатысты көзқарасы, сондай-ақ ұстанымдары кеңінен көрініс тапқан. Сол себепті, Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз, – деді  ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

Осыған дейін  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Ата заңды «халықтық Конституция» деп айтуға толық негіз бар екенін айтқан болатын.

 

https://kaz.inform.kz/news/prezident-tpt-tung-uakitta-da-zhana-konstitutsiya-zhobasinin-matnmen-zhumis-sted-aybek-dadebaev-cf34ee

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар есептен шығару куәлігін пайдалана алады

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар тіркеу орны бойынша емес, өзіне ыңғайлы кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика