spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-24.8 C
Kokshetau

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа Конституция жобасын талқылауға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері белсене қатысқан бұл жиында жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді ашық әрі еркін форматта талқылауға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңына айналды.
Шара барысында жаңа Конституция жобасында білім, ғылым және инновацияның стратегиялық басымдық ретінде айқындалуы кеңінен талқыланды.

  • Жаңа Конституция жобасы еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға, ғылымның экономикалық дамудағы рөлін күшейтуге және Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға берік құқықтық әрі институционалдық негіз қалыптастырмақ. Бұл – ұлттық даму жолындағы маңызды тарихи қадам, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
    Сонымен қатар жиында жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, еңбек нарығындағы өзгерістер мен болашақ мамандықтардың трансформациясы жан-жақты талқыға түсті. Қазіргі кезеңде университеттердің икемді, инновациялық және технологиялық тұрғыдан озық білім беру орталықтарына айналуы – уақыт талабы.
    Министр жаһандық технологиялық сын-қатерлер жағдайында білім беру бағдарламаларын жаңарту, оқу үдерісін жетілдіру, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне кеңінен енгізу қажеттігін ерекше атап өтті.
  • Цифрлық құзыреттерді дамыту мен заманауи технологияларды тиімді пайдалану – жоғары білім сапасын арттырудың маңыздсы тетіктерінің бірі. Қоғамда жасанды интеллектінің кеңінен қолданылуы Конституция жобасында да осы бағытқа ерекше назар аударылғанын көрсетіп отыр, – деп толықтырды министр.
    Кездесу соңында шара қатысушылары министрге өз сауалдары, өзекті ұсыныстарын жеткізді және қоғамның тұрақты дамуына, білім мен ғылымның өркендеуіне жол ашатын конституциялық өзгерістерді қолдайтындарын білдірді. Ашық әрі сындарлы пікір алмасу академиялық қауымдастық пен министрлік арасындағы серіктестікті одан әрі нығайта түскені анық
    Оқу орнында ұйымдастырылған кездесуде академиялық қауымдастықпен еркін пікір алмасып, түйінді ойлар айтылғанын атап өткен жөн. Бірлескен бастамалар елдің білім мен ғылым саласын жаңа сапалық биікке көтеретініне сенім мол.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика