spot_img
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
-13.8 C
Kokshetau

Жаңа Конституция – ұлттың рухани дамуына жол

Сондай-ақ...оқыңыз

Мен, Ыдырысова Құралай Ғазизқызы, педагогикалық еңбек ардагері, Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы ретінде талқылауға шығарылған жаңа Конституция жобасына қатысты өз ұстанымымды білдіруді маңызды деп санаймын.

Көп жылдық педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып айтарым: Конституция – бұл тек заңдық құжат қана емес. Ол – азаматтық сана-сезімді, заңға, мемлекетке және бір-бірімізге деген құрметті қалыптастыратын негізгі құндылықтар жиынтығы. Дәл осы құндылықтар білім беру жүйесінің арқауы болып, жас ұрпақтың дүниетанымын айқындайды.

Жаңа жобада әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруға, қоғамдық диалогты дамытуға және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейтуге ерекше назар аударылған. Бұл, әсіресе, білім мен мәдениет саласы үшін аса маңызды. Себебі дәл осы салалар ұлттың рухани іргетасын қалыптастырады.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру – барлық саланың, соның ішінде білім мен мәдениеттің тұрақты дамуына берік негіз қалайды.

Біз, педагогтер мен мәдениет қызметкерлері үшін мемлекеттік саясаттың тарихи мұраны сақтауға, жастарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталуы аса маңызды. Конституциялық нормалар осы жұмыстың стратегиялық бағытын айқындайды.

Қоғамның Конституция жобасын талқылауға белсенді қатысуы – азаматтық кемелдіктің және ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Дәл осындай тарихи сәттерде мемлекет дамуының ұзақ мерзімді бағыты белгіленеді.

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері ретінде жаңа Конституция жобасын толық қолдаймын. Бұл құжат еліміздің тұрақты дамуына, заң үстемдігінің нығаюына және келешек ұрпақтың жарқын болашағына берік негіз болады деп сенемін.

15 наурыз күні мен Конституцияны таңдаймын. Себебі менің таңдауым – әділетті, тұрақты және өркендеген Қазақстан үшін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Референдум үшін!» тақырыптық күні өткізілді

Көкшетауда «Қоғамдық келісім» мекемесінің  мәжіліс залында «Референдум үшін!» бірыңғай республикалық тақырыптық күні аясында мазмұнды кездесу өтті. Елдік маңызы бар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика