spot_img
Жұма, Ақпан 13, 2026
-11.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «Конституция және халық даналығы» тақырыбындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Конституция және халық даналығы» тақырыбындағы отырысы өтті. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов, облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері және қоғам өкілдері қатысты.

Отырысты ҚХАА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын атап өтіп: «Конституция – елдің тұрақтылығы мен бірлігінің берік негізі. Халық даналығы мен ұлттық құндылықтар негізгі заңның рухымен үйлескен кезде ғана қоғамда сенім, келісім және сабақтастық нығаяды. Ақсақалдардың басты міндеті – осы құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізіп, ел бірлігін сақтауға үлес қосу», – деді.

Жиын барысында қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және конституциялық реформалардың маңызы кеңінен талқыланды.
Алғашқы болып сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтауда Ақсақалдар кеңесінің рөлі ерекше екенін атап өтті.

Көкшетау қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев «2026 жылғы конституциялық реформалар: қоғам дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында баяндама жасап, реформалардың ел дамуына, азаматтық белсенділік пен құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал ететінін айтты.

Сондай-ақ ҚХАА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Аманбай Сейтқасымов «Халық даналығы және Конституция: дәстүр мен жаңашылдықтың үндестігі» тақырыбында сөз сөйлеп, ұлттық дәстүрлер мен заманауи құқықтық қағидалардың сабақтастығы туралы пікір білдірді.

Іс-шара барысында «Еркін микрофон» форматында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жиын қорытындысында қатысушылар қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және конституциялық реформаларды түсіндіру бағытындағы жұмысты жалғастырудың маңызын атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды

Бүгін елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика