spot_img
Жұма, Ақпан 13, 2026
-17.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында конституциялық реформалар талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп беру барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының бастамасымен елде мемлекеттің жаңа даму деңгейін бекітуге бағытталған ауқымды конституциялық реформалар басталғанын атап өтті. Негізгі заң жобасы – елдің заманауи басымдықтарын айқындайтын әрі азаматтар мен сарапшылардың ұсыныстарын ескерген тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа құжат.

«Ең басты құндылық – мемлекетіміздің егемендігі. Өңірдің мәселелерін жергілікті қауымдастықтан артық ешкім білмейді. Нақты өкілеттіктерді жергілікті деңгейге беру – жауапкершілік пен тиімділікке бастар қадам. Саяси өмір ашық бола түседі, ал азаматтар сайлау арқылы заң шығарушы билік құрамына ықпал ету мүмкіндігіне ие болады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Бүгінде республикалық комиссия жаңа Конституция жобасын дайындап, оны халық арасында кеңінен талқылады.

Құжатты әзірлеуге өңірлер, сарапшылар және қоғамдық кеңестер қатысты. Ақмола облысынан комиссия құрамына облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіпов енді. Комиссия жұмысы барысында азаматтар мен кәсіби қауымдастықтан келіп түскен мыңдаған ұсыныстар қаралып, зерделенді.

Жақында Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Онда ел тұрғындары Конституция жобасы бойынша өз пікірін білдіре алады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев сөз сөйлеп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика