spot_img
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
-16.8 C
Kokshetau

Ақкөл ауданында конституциялық реформалар талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында конституциялық реформалардың жүзеге асырылуы және оның ел дамуына ықпалы талқыланды. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен азаматтық қоғам мүшелері қатысты. Қатысушылар Мемлекет басшысының Жарлығымен жарияланған референдумды қолдап, конституциялық реформаларды жүзеге асыру елдің тұрақты дамуы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

Кездесуде Негізгі заңды жаңарту – демократиялық қағидаттарды нығайтуға, әділеттілікті қамтамасыз етуге және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам екені айтылды. Қатысушылар реформалардың мазмұны, олардың ел дамуына әсері және бұл үдерістегі қоғамдық институттардың рөлі жөнінде пікір алмасты.

Негізгі баяндама жасаған Ақкөл аудандық Қоғамдық кеңесінің төрайымы Инна Ганькевич конституциялық өзгерістердің мемлекет үшін маңыздылығына тоқталды.

«Конституция – құқықтық жүйенің іргетасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің негізі. Жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, демократиялық қағидаттарды күшейтуге, биліктің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталған», – деді ол.

Оның айтуынша, енгізіліп жатқан өзгерістер мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруды және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді көздейді. Білім алу, еңбек ету, медициналық көмекке қол жеткізу, сөз бостандығы, жеке басының қолсұғылмаушылығы сияқты негізгі құқықтар Негізгі заңда бекітілген.

Аудандық мәслихат төрағасы Сағындық Абаханов өз сөзінде заңдылық, әділеттілік және биліктің есептілігі қағидаттарының іс жүзінде жүзеге асуының маңызын атап өтті. Ол мәслихат, әкімдік және Қоғамдық кеңес арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға тікелей әсер ететінін жеткізді.

«Конституция – тұрақтылық пен дамудың негізі. Барлық деңгейдегі билік тармақтарының үйлесімді жұмысы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, кәсіпкерлікті қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы 15 наурыздағы референдум – халықтың тікелей ерік білдіру тетігі»,- деді ол.

Жиында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Айжан Мананбаева да сөз сөйлеп, референдумның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай маңызды шешімдер халықтың қолдауымен қабылдануы тиіс.

Отырыстың қорытындысында қатысушылар референдумды халық билігін нығайтудың және демократиялық қағидаттарды дамытудың маңызды құралы ретінде бағалады.

Жиын барысында конституциялық реформалар азаматтық қоғам институттарын дамытуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және адам мүддесіне бағдарланған заманауи, әділетті мемлекет қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді. 15 наурызда өтетін референдум ел болашағына әсер ететін маңызды саяси қадам болмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Bolashaq Saraiy» ұжымымен «Конституция – құқықтық іргетасы» атты дөңгелек үстел өтті

«Bolashaq Saraiy» мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Конституция – құқықтық іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеменің 45 қызметкері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика