spot_img
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
-21.8 C
Kokshetau

Қоғамдық бірлестіктерінің құқықтық мәртебесі мен ерекшеліктері

Сондай-ақ...оқыңыз

Бірлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың маңызды конституциялық құқықтарының бірі болып табылады, оны іске асыру қоғамның мүдделеріне жауап береді және мемлекеттің қорғауында болады.

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктер деп заңдарға қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ерікті негізде құрылған саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың басқа да бірлестіктері танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша кемінде үш адам құрылады.

Қазақстан Республикасында республикалық, өңірлік және жергілікті қоғамдық бірлестіктерін құрып, жұмыс істей алады.

Республикалық қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер жатады.

Өңірлік қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктері жатады.

Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының бір облысының шегінде жұмыс істейтін бірлестіктері жатады.

Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін тіркеуші органға оны құру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай мерзімде белгіленген нысандағы өтініш беріледі, сондай-ақ:

  • құрылтай съезінде (конференциясында, жиналысында) қабылданған Жарғы;
  • съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған Жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы;
  • тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты жерін, үй-жайын көрсете отырып, қоғамдық бірлестіктің бастамашы азаматтарының тізімі қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат;
  • мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат

Қоғамдық бірлестігін тіркеу және құжаттарды беру рәсімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » КЕАҚ филиалы арқылы немесе  (www.egov.kz) электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүргізеді, ал жергілікті мәртебесі бар бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу облыстардың және Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әділет департаменті жүзеге асырады.

Қоғамдық бірлестікті тіркеу мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, қоғамдық бірлестігін тіркеуден бас тарту негіздері «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңының 11-бабымен реттелген.

Мәселен, қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында 367 қоғамдық бірлестіктері және қоғамдық бірлестіктерінің 271 филиалы мен өкілдігі тіркелген.

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің

    бас маманы                                                                                    

С.Жуварова.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сергей Пономарев: жаңа Конституция Қазақстандағы келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің сенімді тірегіне айналады

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституцияның жобасы – біртұтас, теңдестірілген және жете пысықталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика