spot_img
Дүйсенбі, Ақпан 9, 2026
-2.8 C
Kokshetau

Көкшетауда жастарға жаңа мүмкіндіктер таныстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында «Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі» студенттеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарымен таныстыру, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру және жеке дамуына арналған жаңа мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат беру. Кездесу барысында қатысушылар жастарды қолдауға бағытталған өзекті бағдарламалар мен жобалар жайында жан-жақты мәлімет алды.
Іс-шараға орталық қызметкерлері, «Зияткер» дебат клубының мүшелері, «Алтын тарлан» жеке қорының өкілдері, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Көкшетау қаласы бойынша филиалы қатысты.
Іс-шара аясында Жастар ресурстық орталығының негізгі қызмет бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар жастарға арналған жобалар, түрлі деңгейде өткізілген іс-шаралар, волонтерлік қозғалыстар мен жастар ұйымдарының қызметі туралы кеңінен айтылды. Студенттерге өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін бастамалар мен қолдау тетіктері ұсынылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы да мәлімет беріліп, оның қоғамдағы маңызы мен жастар үшін берер мүмкіндіктері түсіндірілді. Бұл тақырып жастар тарапынан ерекше қызығушылық тудырып, ашық пікір алмасуға ұласты.
Сонымен қатар IT саласының даму бағыттары, цифрлық технологиялардағы жаңа мүмкіндіктер және инновациялық жобалар туралы ақпарат ұсынылды. «Инновациялық технологиялар паркі» қорының өкілдері студенттерді стартап жобаларға қатысуға, өз идеяларын іске асыруға шақырды.
Шара барысында әр ұйым өз қызметін таныстырып, студенттерді қоғамдық өмірге белсенді араласуға үндеді. Жастар саясаты аясында болып жатқан өзгерістер, облыс тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары және алдағы жылдарға жоспарланған іс-шаралар туралы да кеңінен баяндалды.
Кездесу соңында қатысушылар студенттерді білімін жетілдіруге, қоғамдық бастамаларға атсалысуға және өз болашағын саналы түрде қалыптастыруға шақырды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері жастардың белсенділігін арттырып, олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Степногорск қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық квизі өтті

Бүгін Степногорск қаласында «Горняк» мәдениет үйінде интеллектуалдық ізденіс пен экологиялық жауапкершілікке толы ерекше атмосфера орнады. Қала жастары, белсенділері мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика