2026 жылғы 6 ақпан күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа: қоғам пікірі, ойталқы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға қоғам белсенділері, мемлекеттік органдардың мамандары, сондай-ақ облыстық және қалалық оқу-әдістемелік орталықтарының оқытушылары қатысты. Кездесу барысында Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары мен оның қоғам үшін маңызы талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында Ақмола облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Талғат Әубәкір Конституцияның жаңа жобасына жан-жақты талдау жасап, енгізілуі жоспарланған өзгерістердің құқықтық негіздеріне тоқталды.
Жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Талқылау нәтижесінде қатысушылар Ата заңның жаңа жобасы елдегі құқықтық жүйені жетілдіруге және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ олар Конституцияның жаңа жобасын қолдайтындарын жеткізді.
Дөңгелек үстел қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық пікір алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.



