spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Құрылтайдағы ой, болашақтағы іс

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық Құрылтай билік пен халық арасындағы қолайлы байланыс орнатқан тиімді, құтты алаң болып қалыптасты. Өзінің атауы да, мақсаты да сол еді ғой. Осыған дейін өткен 4 жиында көлеңкеде қалып қойған қаншама мәселелер ашық айтылып, олар бойынша қаншама тапсырмалар беріліп, жұмыстар жасалып жатқанының куәсіміз.

Міне, биыл Ұлттық Құрылтай тарихы терең, сыры көп Сыр өңірінде, ырысты-күрішті Қызылорда қаласында өтіп жатыр. Ел жанашырлары-  аузы дуалы ақсақалдар, ақын-жазушылар, атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің  барып, Президент алдында  пікірлерін ортаға салып жатқанын көріп, қуанып жатырмыз.

Өмір тез дамып, тез өзгеріп жатқан заманда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, бәрінің ықшам, қолайлы болғаны абзал. Цифрландыру, сандық форма, жасанды интеллекті пайдалануды тез жетілдірудің маңызы зор. Көштен қалуға болмайды.

Сондықтан,  биылғы Ұлттық Құрылтайдың да ел-жұртпен ақылдасып шешкен, алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға жұмылуымыз керек.

Серік Жетпісқалиев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ұлттық Құрылтай – келісім мен дамудың жолы

Бизнес өкілі ретінде Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда талқыланған мәселелерге мен ерекше назар аудардым. Себебі онда ұрандар емес, біз күнделікті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика