spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы экономика мен энергетика туралы: Кадрлық ауыс-түйіс жасауға тура келетін сияқты

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Үкімет құрамында кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін мәлім етті.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
– Бұл жағдайда менің танымал экономистерге деген үлкен ескертпем бар. Энергетиктерге де ұқсас ескертпе бар. Кадрлық шешімдер қабылдауға тура келетін сияқты. Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – сапалы экономикалық өсім қарқынын бәсеңдетпеу. Осы мақсатпен инфляцияны төмендету бағытында жұмыс басталды. Жаңа инвестициялық цикл жарияланды, басқа да шешімдер қабылданып жатыр. Экономика мен бизнес жаңа салық ережелерінің режиміне көшіп жатыр. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар біркелкі, жанжалсыз «фискалдық транзитті» қамтамасыз етуге міндетті, – деді Мемлекет басшысы.

Президент жаңа Салық кодексін қолдану кезінде жұрттың сын-ұсыныстары мұқият зерделеніп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізілетінін атап өтті.

– Тиімді кері байланыс арналары қоғамның трансформациясында ерекше маңызға ие. Азаматтардың өтініштерімен жүйелі жұмыс істеу арқылы қоғам тынысын бақылап, халықтың нақты қажеттіліктерін білуге, талап-тілектеріне уақтылы жауап беруге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-ekonomika-men-energetika-turali-kadrlik-auis-tuys-zhasauga-tura-keletn-siyakti-7418ce/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика