spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-18.6 C
Kokshetau

Жаңа Парламенттегі мандат саны 145 болуы мүмкін – Ұлттық құрылтай

Сондай-ақ...оқыңыз

Парламентте нағыз отаншыл азаматтар, білікті мамандар отыруға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

Фото: Kazinform/ Akorda.kz/ Canva
– Ал депутаттар санына келсек, бұл мәселе де қызу пікірталас туғызды. Ең көп пікір қайшылығы осы мәселеге қатысты болды. Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдің идесын ұсынды. Екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет деді. Біздің негізгі мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру. Жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс. Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе санда емес, сапада. Ең бастысы Парламентте нағыз отаншыл азаматтар, білікті мамандар отыруға тиіс, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады.

– Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден астауы керек, – деді Президент.

Парламент реформася аясында әйелдердің 30% квотасын сақтап қалу ұсынылғаны туралы жаздық.

https://kaz.inform.kz/news/zhana-parlamentteg-mandat-sani-145-bolui-mumkn-ulttik-kuriltay-9591d2/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика