spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 11, 2026
-24.2 C
Kokshetau

Білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың қолданыстағы тәртібі бұрмаланған – Президент

Сондай-ақ...оқыңыз

Білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың қолданыстағы тәртібі бұрмаланған. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V  отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

– Соңғы уақытта жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетігіне қатысты азаматтардан маған жолданатын өтініштер жиілеп кетті. Жуырда «Turkistan» газетіне берген сұхбатымда өз ұстанымымды білдірдім: білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың қолданыстағы тәртібі бұрмаланған және оны шұғыл түрде түзету қажет. Жекеменшік мектептерге жүргізілген аудиттің қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінің жетілмегендігі салдарынан болған заңсыз және негізсіз шығындарға байланысты бірқатар бұзушылық анықталды, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін жедел реформалау міндеті қойылғанын еске салды.

– Қаржыландырудың нақты өлшемшарттарын қалыптастыру қажет. Бұл ретте орта білім беру жүйесін дамытудағы бизнестің оң рөлін ескеру маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://kaz.inform.kz/news/blm-beru-salasin-memlekettk-karzhilandirudin-koldanistagi-tartb-burmalangan-prezident-d2975d/

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су үнемдеу технологиялары арқылы былтыр 874 млн текше метр су үнемделді – министрлік есебі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мәселелері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика