spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
-21.8 C
Kokshetau

Цифрлық технология белсенді түрде енгізіле бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда республикалық қоғамдық-саяси «Түркістан» газетіне берген сұхбатында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Президент өз сөзінде заманауи технологиялар экономиканың тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға да бағытталуы тиіс екенін ескертті. Осы міндеттерді іске асыруда өңірлерге ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр.Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Президенттің тапсырмаларын орындау аясында аймақта Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласы мен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Марат Ахметжанов баяндады.

2025 жыл елімізде цифрландыру және жасанды интеллект жылы ретінде жарияланып, бұл бастама Ақмола облысында нақты жобалармен толықты. Бүгінде өңірлік IT-хабты дамыту облыстың технологиялық өсімінің басты қозғаушы күшіне айналып үлгерді десек, артық айтпаспыз деп ойлаймын. Биыл облысымызда креативті технологиялар орталығы Tumo Center ашылады. Сонымен қатар, Ақкөл, Қосшы және Жақсы қалаларында жастардың тәжірибелік сабақтардан өтуіне арналған үш бірдей Tumo Classroom кампусы іске қосылады. Бұл орталықтарда балалар мен жасөспірімдер бағдарламалау, робототехника, цифрлық дизайн, жасанды интеллект негіздері бойынша тегін білім ала алады. Бұдан бөлек, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында Tumottow инновациялық мектебін ашу жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл қадам Президент атап өткен адами капиталды дамыту, жастарды жаңа технологияларға бейімдеу және цифрлық экономикаға қажетті кадрлар даярлау міндеттерімен тығыз байланысты.

Ақмола облысы аграрлық өңір екендігі белгілі. Сондықтан, жасанды интеллектіні ең алдымен ауыл шаруашылығы саласына енгізу стратегиялық маңызға ие. Осы мақсатта өңірде «ақылды АӨК» моделі кезең-кезеңімен іске асырылуда. Жасанды интеллект технологиялары жерді мақсатты пайдалану үшін алдын ала болжам жасауға, егістік алқаптарының жай-күйін бақылауға, өнімділікке әсер ететін факторларды талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бүгінде облыста осы салаға қатысты мемлекеттік қолдау шараларын «бір терезе» қағидаты арқылы ашық әрі жедел алу тетіктері енгізілуде. Бұл фермерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайтып, саланың табыстылығын арттыруға жол ашады. Президент өз сұхбатында цифрлық шешімдер нақты экономикалық пайда әкелуі тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте, «Ақылды АӨК» жобасы осы талаптың өңірлік деңгейде іске асуының айқын мысалы деп едім.

Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздік  цифрлық бақылауға толыққанды енгізілуде. Жасанды интеллектіні енгізудің тағы бір маңызды бағыты – елді мекендердегі қауіпсіздікті күшейту. Бұл салада да Ақмола облысында нақты әрі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, өткен жылы Ішкі істер министрлігі мен жеке инвесторлармен бірлесіп, Қосшы қаласында бейнебақылау жүйесін кеңейту жобасы жүзеге асырылды. Қолданыстағы 500 камераға қосымша 1000 жаңа камера орнатылып, барлығы заманауи жедел басқару орталығына біріктірілді.Бұл жүйе қоғамдық тәртіпті бақылаумен шектелмейді. Жасанды интеллект элементтері арқылы коммуналдық инфрақұрылымдағы ақаулар, жол жамылғысының жағдайы, қаңғыбас жануарлардың бар-жоғы автоматты түрде анықталады. Мұндай тәсіл жедел әрекет етуге және қоғамдық ортаның қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облысымызда бірыңғай дрондар инфрақұрылымы да белсенді қолданылуда. Дрондар арқылы ауыл шаруашылығы алқаптары мен орман массивтеріне мониторинг жүргізіліп, заңсыз қоқыс орындары, жерді заңсыз пайдалану фактілері және өрт ошақтары жедел анықталуда. Бұл дегеніміз, Президент сұхбатында айтылған экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму мәселелерін цифрлық шешімдер арқылы іске асырудың нақты көрінісі деп едім.

Ақмола облысында 2030 жылға дейінгі цифрландыру стратегиясы бекітілді.Оның құрамына цифрлық платформа, бірыңғай байланыс орталығы, стартаптарды сүйемелдеу және қолдау тетіктері кіреді.

Жалпылама алғанда аймақта жасанды интеллект экономиканың барлық саласына кезең-кезеңімен енгізілуде. Негізгі мақсатымыз технологияларды формалды түрде емес, нақты нәтиже беретін құрал ретінде пайдалану екенін айтқым келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы сұхбатында айтылғанындай, жасанды интеллект – болашақтың емес, бүгінгі күннің технологиясы. Ақмола облысы осы бағытта жүйелі әрі мақсатты қадамдар жасап, цифрландыруды өңір дамуының нақты тетігіне айналдырып отыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет ете бермек.

Ержан МАҒЖАН,

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика