spot_img
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
6.2 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір. Біз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз қажет»

Сондай-ақ...оқыңыз

«Сонымен қатар қазір экономикамызда түбегейлі өзгерістер жасалуда.

Біз ел экономикасының дамуына қосымша серпін беру үшін маңызды жобаларды қолға алдық. Бүгінде сол жұмыстың нәтижесін де көре бастадық.

Соңғы бес жылда ұлттық экономика 15,8 пайызға өсті. Биылғы өсім 6 пайыздан асты. Бұл – 2012 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47 пайызға артты. Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі рекордтық межеге жетіп, 125 миллиард доллардан асты.

Биыл «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі мерзімінен бұрын іске қосылды. Бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы. Бірнеше айда осы жолмен қосымша 6 миллион тонна жүк тасымалданды. Қазір «Мойынты – Қызылжар» бағытында теміржол салынып жатыр.

Қазақстан – шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір. Біз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз қажет.

Осы жылы 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделуде.

Әуе қатынасын дамыту ісіне де баса мән беріліп жатыр. Әлемнің ірі қалаларымен тікелей қатынас орнатылып жатыр, 36 жаңа әуе рейсі ашылды. Осылайша, Қазақстан Еуразия құрлығындағы транзит хабы ретінде қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл – стратегиялық маңызы бар мақсат.

Сондай-ақ интернет еліміздегі азаматтардың 90 пайызына қолжетімді болды. Қазақстан – Starlink желісіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет.

Еліміз құрылыс саласында зор табысқа жетті. Биыл 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Мыңдаған отбасы баспаналы болды».

t.me/aqorda_resmi

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дрондар бақылауда: Ақмола облысында экология мен тасқын жағдайы әуеден қадағаланып отыр

 Ақмола облысында цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында өңірде 22 стационарлық дрон және 1...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика