spot_img
Сенбі, Ақпан 14, 2026
-12.9 C
Kokshetau

Ай бойынша мұрағат: Қараша, 2025

Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: – Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Мәскеуге, осынау қасиетті жерге табаным тиген сәттен бастап көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Жаңа ғана протокол аспектілері жөнінде айтылды. Шын мәнінде, Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды әрі қуантты....

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті

Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді. Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты. – Ақынның «Адамзаттың бәрін сүй,...

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті. Тауарлар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты. ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның...

Ақкөл ауданында робот-сауыншылар жұмыс істей бастады

Ақмола облысы еліміздің ең технологиялық дамыған өңірлерінің бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде. Жаңа цифрлық шешімдер білім беру мен энергетикадан бастап ауыл шаруашылығына дейінгі барлық салаларға енгізілуде. Солардың ішінде агроөнеркәсіп кешені – заманауи технологиялардың ауыл еңбегі туралы түсінігімізді түбегейлі өзгерте...

Степногорск қыста тоңбайды: жылыту жүйесі жөндеуден өтті

Степногорск қаласында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталды. Биыл қаладағы жылу электр орталығы мен жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жүргізіліп, негізгі қазандықтар мен турбогенераторлар толық жаңартылды. ТЭЦ өкілдерінің айтуынша, №5 қазан агрегаты күрделі жөндеуден өтіп, тұрақты жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ...

Степногорск қаласы прокуратурасымен көрме сот процесі өткізілді

Қалалық прокуратура «Зан мен Тәртіп» идеологиясы аясында колледж студенттері үшін көрме сот процесін өткізді. Жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сананы арттыру мақсатында қалалық прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша («Пышақты қолданып жасалған бұзақылық») нақты қылмыстық іс...

Қазақстан халқының достық, бірлік және этносаралық келісім нарративтерін ілгерілету

Қазақстан – этносаралық және мәдени әртүрлілігі жоғары, бейбітшілік пен татулыққа негізделген мемлекет. Тарих қойнауында әртүрлі халықтардың үйлесімді өмір сүріп, өзара мәдени алмасу арқылы қалыптасқан ел болмысы – бүгінгі қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты тірегі болып отыр. Достық пен бірлік,...

«Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өз мәресіне жетті

Астанада өткен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өз мәресіне жетті. Екі күн бойы елорданың спорт алаңдарында еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық бала бақ сынады. Олардың қатарында 153 ерекше қажеттілігі бар қатысушы болды. Жарыс бағдарламасына бочча, эстафеталық ойындар және...

Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады

– Қазақстан мен АҚШ арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды ұдайы қолдап келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын. Ақ үйде Президент лауазымын атқарған алғашқы кезеңде біздің қарым-қатынасымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заңнамалық тұрғыдан бекіді. АҚШ – Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса...

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйде тарихи кездесу ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы рөліне айрықша...
- Advertisement -spot_img

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында конституциялық реформалар талқыланды

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп беру барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының бастамасымен елде...
- Advertisement -spot_img
Яндекс.Метрика