spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Қазақстан экономикасы 6,4%-ға өсті: көлік, құрылыс және автоөнеркәсіп саласы негізгі қозғаушы күш болып отыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл Қазақстан экономикасы тұрақты сапалы өсім көрсетіп отыр. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның мәліметтері бойынша, нақты сектордағы өсу қарқыны 8,2%-ды құрады, ал қызмет көрсету өндірісі 5,3%-ға өсті. Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 20,7%-ға), құрылыс (15,1%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,6%-ға) ең жоғары өсімді көрсетеді. Сауда – 9%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,4%-ға өсті.

Баяндамада өңдеу өнеркәсібіне ерекше назар аударылды, онда жалпы өсім 5,8%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда өңдірістің 11,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда – 13,3%-ға, тамақ өнімдерінде – 9,1%-ға, сусындарда – 8,7%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,9%-ға, мұнай өңдеуде – 6,3%-ға, металл бұйымдарында – 14,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

2026-2028 жылдары экономика жылына орта есеппен
5%-дан төмен емес деңгейде өсетін болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика