spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.2 C
Kokshetau

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан зор. Ұлттық киімдеріміздің пайда болуы және дамуы көшпелі өмір салтымызмен тығыз байланысты.

Ерте заманнан бері қазақтар табиғаттың заңына сәйкес өмір сүрді. Сондықтан да ұлттық киімдер ең алдымен табиғаттың түрлі жағдайларында- қыстың қақаған суық аязынан, жаздың аптап ыстығынан және көктем мен күздегі қатты желден қорғауға арналып тігілген. Осы киімдердің көпшілігі мал шаруашылығының өнімдерінен жасалды, бұл көшпелі өмір салтының ерекшелігін көрсетеді. Қойдың жүні мен терісі, түйенің жүні, малдың терісінен былғары жасап, аң терілері киім тігуде басты материал ретінде қолданылды.

Киімдердің ерекшеліктері: 1. Климаттық жағдайда адамның денесін табиги жағдайдан қорғау болды.

  1. Наным-сеніммен де байланысты. Киім тек жылу беріп қана қоймай сонымен бірге адамды қара күштен қорғайтын зат ретінде де қолданды.

Мысалы, аң терісінен тігілген бас киімдермен ішіктер адамды суықтан ғана қорғамай, жын-шайтаннан және жамандықтан қорғайды деген наным-сенім болған.

  1. Әлеуметтік мәртебесіне қарай да киім түрлері мен сапасы адамның әлеуметтік мәртебесін, байлығын, руын және жынысын көрсететін болған. Киімдер ішкі, сыртқы, сулық,бір киер,сәндік және салтанат – ғұрып киімдері деп бөлінген. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той – думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Киімдерді құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалап қолданған. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталады. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған.

Ерлер киімі – көйлек пен шалбар, үстіне шапан,басына бас киім (қыста-тымақ, жазда-қалпақ,тақия) киетін.  Шапан ер-азаматтың мәртебесін көрсететін ер киімінің маңызды элементтерінің бірі саналған.

Әйелдер киімі – кең көйлек, үстіне камзол немесе шапан киетін.  Негізінен әйелдер киімі жібектен, барқыттан тігілген. Жұқа киіз де қолданылған.   Суық мезгілінде әйелдер түлкі немесе қозы терісінен тігілген жылы тондар киген.

Киімдерді әшекейлеуде маржан – моншақтарды, күмістерді, әр түрлі кесте түрлері өте белсенді қолданылады.  Қазақ ұлттық киімі – бұл жай ғана киім емес, ол – даланың рухын,ата – бабаларымыздың өмір – салтын және дәстүрін жеткізетін тарих. Бай өрнектері, табиғи маталар, танымал силуеттер – мұның бәрі терең мағына мен мәдени жылылыққа толы.  Мұндай киімдер адамдардың назарын аударады және эстетика, ыңғайлылық, терең символикаға ие.

Ою – өрнек – қазақ киімінің ең көркем бөлшектерінің бірі. Бұл нақыштар көйлек, камзол, бас киім, аяқ киім, мен белдікті безендіріп, әрқайсысы терең мағына береді. Осы өрнектерде жиі бейнелетіндер: 1. Табиғат элементтері – күн (өмір мен қуат), толқын мен су (тазалық, өмір ағысы) , гүлдер мен жапырақтар (өсу,әйелдік энергия).

  1. Қорғаныш символдары – қошқар мүйіз мен түйе табан өрнектері жын – шайтаннан, көз тию мен бәле – жаладан сақтайды деген.
  2. Тілек өрнектері – шығыс гүлі мен шұғыла бақытты, құнарлылықты, отбасындағы үйлесімділік пен рухани өркендеу. Ал енді түстер – рухтын көрінісі. Қазақ мәдениетінде киім түсі айрықша мәнге ие. Ол ешқашан кездейсоқ таңдалмайды, керісінше, жағдайға, жасқа, мәртебеге немесе иесінің білдіргісі келген тілекке сай саналы түрде іріктелген.

Мысалы: қызыл – күш – қуат, энергия және өмірдің рәмізі.

Жасыл – үміт, ұзақ ғұмыр мен тұрақтылықтың түсі.

Қызғылт сары – құаныш, жылулық және жігерді білдіреді.

Сары – рухани кемелдік пен даналықтың белгісі.

Жарқын түстер көбіне жастардың киімінен көрінсе, сабырлы реңктер үлкен жастағы адамдарға тән болған.

Бүгінгі күнде ұлттық киімдеріміз өткеннің еншісінде қалып қоймай, заман ағымымен бірге өзгеруде. Дәстүрлі пішіндер мен өрнектер кәзіргі заманауи сән топтамаларында, мерекелік және сән көрсетілімдерінде жиі кездесіп, дамып келеді.  Бұл түп – тамырымен байланысты сақтай отырып, алға жылжып,қазақ мәдениетін жаңа буын жастарымызға және әлемге таныстыруға көп мүмкіндіктер берілуде. Ең қарапайым тігілген киімдердің өзіне дұрыс таңдалған аксессуарлар, ою – өрнектер, әшекей бұйымдар қосылғанда бірден түрленіп шыға келеді.

Әйел адамдардың бас киіміне келетін болсақ: бұл бас киімдердің әр қайсысы немесе мерекелік киімнің бөлшегі ғана емес, әйелдің тағдыр жолын, жастықтан кемелдікке, бойжетуден аналыққа дейінгі кезеңдерін бейнелейтін рәміз еді.  Ал енді қазақ дәстүрінде әйелдердің аяқ киімі образдың маңызды бөлігі болып, иесінің талғамы мен даулетін көрсеткен. Оларды берік, мұқият иленген былғарыдан қолмен тіккен.  Безендіру шешуші рөл атқарған: аяқ киім кестемен, бедерлеумен, металл әшекейлермен өрнектелген.

Пішіні мен материалы маусымға және қолданылуына қарай өзгеріп отырған. Әшекей бұйымдардан күміс ерекше кәдірленген – ол тұмар саналып, береке мен игілік әкеледі, тазалық деп сенген.   Көптеген әшекейлер отбасының қымбат мұрасына айналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған.

Зерттеушілердің айтуынша, халқымыз киімге қажетті шікізаттың барлығын өздері жасап алатын болған. Алғашқыда аң мен мал терілерін, мал жүнінен иірілген жіптерден, мал жүнінен басылған әр түрлі кигізден жасалып дайындалған.  Кейін келе тоқыма бұйымдар дүніеге келіп, сан алуан өрнектер салынған, кестеленген киімдер жасала бастады.  Соңғы тәуелсіздік алған жылдардан бері ұлттық стильдегі киімдерге деген қызығушылық халық арасында жоғары.

Кәзіргі кезде халықтың ұлттық құндылықтарға, өнерге деген ұмтылысы жылдан жылға арта түсуде. Ұлттық киім бұл жәй ғана көйлек – көншек емес, ол кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлігі, бұл біздің тарихымыз.  Сондықтан аға буын азаматтар жастардың бойына қай салада болмасын,үйде болсын, білім алуда,тәрбиеде, қай жерде болмасын жастардың бойына сіңіре білуіміз керек.  Өнерде әртүрлі заттарға салынатын оюлардың өз орны бар. Бұл салада ұлттық киімдерге қойылатын талаптар өте жоғары болуы тиіс.  Сонымен бірге өз көзіміз көрген әжелердің өрнектерін  сақтауға және заманауи технологияны қолдана отырып түрлендіруге, ерекше сән беруге тырысуымыз керек.

Ұлттық өнерді ұлықтау әр бір азаматтың адамгершілік және елімізге деген патриоттық парызымыз деп білемін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика