Негізгі назар қоғамдық тәртіптің сақталуына және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының, соның ішінде арнайы бөлімшелердің 300-ден астам қызметкері тартылды.
Рейдтік іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау, қоғамдық орындарда жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесу және жүргізушілерге профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Барлығы 150-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды, олардың қатарында көлік құралын мас күйінде басқару, қоғамдық орындарда тиісу, тыныштықты бұзу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жүруі және басқа да құқық бұзушылықтар бар.
Жұмыс жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы



