spot_img
Бейсенбі, Қараша 13, 2025
-5.9 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов Ақмола облысының ел индустриясын дамытудағы жаңа рөлін таныстырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның индустриялық картасында Ақмола облысы бұрынғы аграрлық-шикізаттық аймақтан шын мәніндегі өндірістік хабқа айналды. Өңірдің өнеркәсіптік өнім көлемі 2 трлн теңгеден асты. Бұл көрсеткіштің артында жаңа кәсіпорындар, заманауи технологиялар мен жаңа жұмыс орындары тұр.

Облыста елдегі барлық теміржол мойынтіректері, 84%-ға жуық арнайы техникалар және барлық астық жинау комбайндарының жартысы өндірілуде. Ақмолалық конвейерлерден шыққан техникалар Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді.

Өнеркәсіптің негізгі салаларының бірі – алтын өндіру. Ақмола облысына ұлттық алтын құрамындағы кеннің жартысы және өндірілген алтынның төрттен бірі тиесілі. Яғни, әр екінші килограмм алынған металдың көзі – Ақмола.

Саладағы басты компаниялар – «Алтынтау Көкшетау», «Алтыналмас» және «RG Gold», олар облыстың өндіріс көлемінің басым бөлігін қамтамасыз етеді.

«Облыс ұлттық алтын құрамындағы кен мен концентраттың жартысын өндіреді. Қазақстандағы өңделмеген алтынның 96%-дан астамы бізде шығарылады. Бұл тек кенді өндірумен ғана емес, қайта өңдеу, жаңа технологияларды енгізумен айналысатын компаниялардың жемісті жұмысының нәтижесі», – деді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Айта кетейік, облыстың өнеркәсіптік табысы тек кен өндірумен шектелмейді.

«Құрылыс кірпішін өндіру көлемін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстың зауыттары жылына 250 миллион кірпіш шығарады, ал жақын болашақта қуаттылықты үш есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл бағытта 8 инвестициялық жоба кірпіш зауыттарын салу бойынша жүзеге асырылуда», – деп қосты облыс әкімі.

Марат Ахметжанов өңірдің өнеркәсіптік саясатындағы негізгі принципін атап өтті: өндірістік тізбектерді толық құру – кеннен дайын өнімге, егіннен қайта өңдеуге, конвейерден нарыққа дейін.

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы: цифрландыру – жаңа басқару ісінің негізі

Ақмола облысында бірыңғай цифрлық архитектураны құруға және деректерге негізделген басқаруға көшуге бағытталған Цифрландыру стратегиясы бекітілді. Бұл туралы Ақмола облысының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика