spot_img
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
-6.8 C
Kokshetau

«DARA» бизнес академиясы мектеп-лицейінде «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Бизнестегі әйел» атты семинар өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.А. Әлімбетова, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А.Б. Төребаев, «DARA» мектеп-лицейінің және «Silk-Road Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы С.Ә. Матайбаева, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі Ә.С. Мамбеталина, ЕҰУ докторанты Б.С. Ахтаева, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық палатасының өкілі мен қаладағы кәсіпкер әйелдер және мекеме ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Әйелдер қанатының негізгі бағыттарымен танысып, әйелдер арасындағы нашақорлық, алкоголизм және құмар ойындарға тәуелділіктің жеке өмір мен денсаулыққа әсері, сондай-ақ «Бизнестегі әйел: күш, стратегия және шабыт» тақырыптары талқыланды.

Жиын соңында С.Ә. Матайбаева қатысушыларды «DARA» мектеп-лицейінің білім беру саласындағы қызметімен таныстырды.

Іс-шараның мақсаты – әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, қоғамдағы рөлін күшейту және бизнесте табысқа жетудің тиімді жолдарын көрсету болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмасы бойынша Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынуда

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталуда. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика