«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалында партия активімен кездесу өтті. Кездесу барысында партия қызметінің өзекті мәселелері мен партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Іс-шараға облыстық және аудандық филиалдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен белсенділер қатысты.
Басты назар партияның сайлауалды бағдарламасын және халықты қолдауға бағытталған бастамаларды іске асыру, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі партия құрылымдарының жұмыс тиімділігін арттыру мәселелеріне аударылды. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 274 бастауыш партия ұйымы тіркелген. Жоспарға сәйкес барлық бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өтіп, төрағалар мен депутаттық фракция мүшелерінің, жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің де есептері тыңдалуда. Жұмыстар тек ұйымдастыру шараларымен шектелмей, халықтың ақпараттылығын арттыру мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, бастауыш ұйымдарда көшпелі қабылдаулар ұйымдастырылып, өзекті әлеуметтік мәселелер қаралып, шешу жолдары ұсынылуда. Жыл басынан 104 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті, нәтижесінде 99 партия ұсынған үміткер жеңіске жетті. Есептік кезеңде фракциялардың 73 отырысы өтіп, 204 ұсыныс қабылдап, оның 178 орындалып 26 орындалу үстінде. Жол картасының жоспардағы 127 тармақтың 50-і орындалды, 76 тармақ орындалу үстінде, 1 тармақ орындалу уақыты келген жоқ.
Барлық партия алаңдарында жол картасын іске асыру мәселелері қаралуда, жергілікті атқарушы органдарға партия атынан хат, депутаттардан сауалнама жүйелі түрде жолдануда. Мәжіліс депутаттарымен де бірлесіп жұмыс жасаудамыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдалануға берілмей келген Бестөбе мен Жанажол мектептері пайдалануға берілді.
Партиялық бақылау комиссиялары Жол картасында көзделген іс-шараларға тұрақты негізде мониторинг жүргізіп, олардың орындалуына бақылау жасайды.
Партиялық жобалар аясында мыңнан астам іс-шара өткізіліп, жиырма мыңға жуық адам қамтылды.
«Жер аманаты» комиссиясы бойынша жоспар 98% орындалды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 миллиард 848 миллион теңгеге 216 жоба қаржыландырылды.
«Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында оң мыңнан астам 10 660 адам курстан өтті.
Партияның облыстық филиал жанындағы әйелдер қанатымен жалпы жыл басынан бері 40 жуық іс-шара өткізіліп оған мыңға жуық әйел қатысты.
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне есептік кезеңде 6331 өтініш келіп түсті. Оның тең жартысы оң шешіліп, 48 пайызына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 1% (74 өтініш) орындалуда.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында 457 өтініш қаралып, 207 оң шешілді.



