spot_img
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
-4.7 C
Kokshetau

Президент Өнер орталығына барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады.

Мың орынға арналған көп функционалды Өнер орталығы былтыр ашылған. Кең әрі заманауи үлгідегі ғимарат құрылысына 3,7 миллиард теңге жұмсалған.

Мұнда концерттер, шығармашылық кештері мен түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталықта бірнеше шығармашылық ұжым орналасқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдан бері облыста 18 мәдениет нысаны ашылғаны туралы мәлімет берілді. Соның ішінде 7 заманауи «Руханият» орталығы, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен шалғай елді мекендерде мәдениет үйлері салынды.

Әкімдік мәдениет саласы қызметкерлерін баспанамен қамту, мамандардың біліктілігін арттыру және озық тәжірибені енгізу бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ата Заңға түзету енгізу тек жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асады – Конституциялық комиссия

Жаңа Конституцияның жобасында жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Президентке ұсыныс енгізетін субъектілердің қатарына  қосымша Қазақстан Халық Кеңесін қосуды көздейтін норма...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика