«Халық заңгері» акциясының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, PRG ақпараттық жүйесі, Prosud.kz интернет-басылымы, сондай-ақ еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары., сурет – Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 13:01Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 31 қазанында еліміздің барлық қалаларында және ірі елді мекендерінде «Халық заңгері» атты республикалық акция өтеді. Бұл күні кез келген азамат мамандардан кәсіби және тегін құқықтық кеңес ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтардың сұрақтарына танымал адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, прокурорлар, полицейлер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да сарапшылар жауап береді.
Өз мәселесінің шешілу ықтималдығын арттыру үшін ұйымдастырушылар азаматтарға өз ісіне қатысты құжаттарды өзімен бірге алып келуге кеңес береді.
«Халық заңгері» акциясының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, PRG ақпараттық жүйесі, Prosud.kz интернет-басылымы, сондай-ақ еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Сурет: Zakon.kz
«Халық заңгері» акциясының басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.
Акция жылдар бойы дәстүрге айналып, көптеген қазақстандықтардың қолдауына ие болды. Ауқымы мен өткізу географиясы бойынша бұл жоба тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де теңдесі жоқ іс-шара саналады.
2016 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде акцияға 10 мыңнан астам сарапшы мен мемлекеттік орган басшылары қатысты. Осы уақыт аралығында 400 мыңнан астам қазақстандық тегін құқықтық кеңес алды.
Сурет: Zakon.kz
Биылғы акцияның басты назарында – қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету. Бұл бастама құқықтық мәдениетті арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және заң бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыруға бағытталған.
Өткізу орындары
Көкшетау қ.
«РИО» СОО – Осипенко көшесі, 1
Көкшетау қаласы, Красный Яр кенті
Мәдениет үйі – Тәуелсіздік көшесі, 3
Степногорск қ. – ХҚКО, 3 шағынауданы, 199
Қосшы қ.
Қоғамдық мәдени-спорт орталығы – Республика көшесі, 11
Атбасар қ.
Мәдениет үйі -С. Нұрмағамбетов көшесі 71
Ақкөл қ. ХҚКО – Нұрмағамбетов көшесі, 102
Астрахан ауылы, Мәдениет үйі – Әл-Фараби көшесі, 48
Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Аудандық аурухана – Тәшенов көшесі, 12
Аршалы ауданы, Ижевское ауылы, Әкімдік – Целиная көшесі, 9
Макинск қ.Мәдениет үйі – Сейфулин көшесі, 36
Ерейментау қаласы, Мәдениет үйі – Уәлиханов 43
Майлан ауылы, Әкімдік – Кисилев көшесі, 20 А
Егіндікөл ауылы, Мәдениет үйі – Жеңіс көшесі, 10
Есіл қ., Мәдениет үйі – Гагарин көшесі, 1
Ақсай ауылы, Мәдениет үйі – Ленин көшесі, 7
Степняк қ., Әкімдік – Біржан сал көшесі, 23
Державинск қ., Мәдениет үйі – Захаров көшесі, 37
Жақсы ауылы, Әкімдік – Дружба көшесі, 14 А
Кийма ауылы, Әкімдік – Дружба көшесі, 3
Зеренді кенті, Мәдениет сарайы – Тәуелсіздік көшесі, 2
Қорғалжын кенті, Мәдениет үйі – Күмісбеков көшесі, 38
Балкашино ауылы, Мәдениет үйі – Абылай хан көшесі, 126
Шортанды кенті, Мәдениет үйі – Абылай хан көшесі, 26
Дамса ауылы, Әкімдік – Велижанцев көшесі, 25
Щучинск қ. Мәдениет үйі – Абылай хан көшесі, 38
Бурабай кенті,Орталық алаң
Ақмол ауылы, Мәдениет үйі – Гагарин көшесі, 12
Талапкер ауылы, Әкімдік -Талапкерская көшесі, 12



