spot_img
Дүйсенбі, Желтоқсан 15, 2025
-11.8 C
Kokshetau

Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Олардың арасында:
1. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Финляндия Республикасының Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасы (STUK) арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсаттарға пайдалану бағытындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Финляндия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасындағы су ресурстарын басқару мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Фин су форумы (Finnish Water Forum) және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті арасындағы су ресурстарын цифрландыру және басқару бағытындағы зерттеушілік және білім беру әлеуетін қалыптастыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. «Бурабай» курортында туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Фин Су форумы арасындағы гидрометеорологиялық және ауыл шаруашылығын бақылауға арналған, экологиялық мониторинг жүргізетін онлайн-автоматтандырылған жүйенің (AMS) жергілікті өндірісін жолға қою туралы ниеттестік декларациясы;

6. Қазақстанда экологиялық ауылды дамыту жобасы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

7. «Теңіз жасағы» АҚ мен «Lamor Corporation Plc» компаниясы арасындағы мұнайдың апаттық төгілуін жою және теңіз операцияларын қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум секілді басқа да келісімдер бар.

t.me/aqorda_resmi

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика